Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет86/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   244
 
 
 
 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
«
Жаратылыстану» білім саласында келесі пәндер оқытылады: 
«
Жаратылыстану» – 5, 6-сыныптар, «Физика» – 7-9-сыныптар, «Биология» – 7-
9-
сыныптар, «Химия» – 7-9-сыныптар, «География» – 7-9-сыныптар. 
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи 
құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты 
танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде 
адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын 
сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін 
тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған 
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. 
«Жаратылыстану» пәнін география, биология, физика және химияның 
кіріктірілген курсы ретінде география пәнінің мұғалімі сияқты биология 


143 
пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады. 
Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша 
келесі пәндер оқытылады: 
5, 6-
сыныптарда – «Жаратылыстану»; 
7, 8,9 -
сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика». 
Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан 
бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері 
оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін 
және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің 
болуын жояды, өйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика» 
пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын. 
«Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінің синхронды 
оқытыла басталуы әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал 
етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық 
кезеңде зерделенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет