147
7-
сыныпқа «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу», «Жазық фигураның
массалар орталығын анықтау» атты екі зертханалық жұмыс қосылды. Барлығы
10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.
8-
сыныпта үш бөлім яғни «Жылу физикасы», «Электр және магнетизм»,
«Геометриялық оптика» оқытылады.
9-
сыныпта «Кинематика негіздері», «Астрономия негіздері», «Динамика
негіздері», «Сақталу заңдары», «Тербелістер және толқындар», «Атом
құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық өзара әрекеттесу»,
«Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімдері оқытылады.
9-
сыныпта 4 10 зертханалық жұмыс және 6 практикалық жұмыс
қамтылған.
Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны,
негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рөлiн
көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi көзқарас
тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты
туындайтын
экологиялық
проблемаларды
түсiнуге
бағытталатыны
қарастырылады.
Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде
математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың
физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар
арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану.
Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын
ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдынала математика мұғалімдерімен
бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.
«Физика» мен «Химия» ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып
отырады. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз
тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ
ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ
энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы,
молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.
Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары
екеуінде бірдей: атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс
алады.
Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар,
ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының
белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы,
өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея
мен ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады.
Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген:
Достарыңызбен бөлісу: