144
қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды
зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды,
эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және
бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім
алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды
түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану
біліктерін дамытады.
«Жаратылыстану» сабақтарында жергілікті компонент деректерін
тартуғаерекше назар аудару қажет.
Мысалы, ғылыми жобаларды әзірлеу үшін білім алушыларға күнделікті
өмірде практикалық маңызы бар төмендегідей оқыту мақсаттарына назар
аудару ұсынылады:
5.6.3.1 -
Қазақстан Республикасының экологиялық
проблемаларын атау;
5.6.3.2 -
өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;
5.6.3.3 -
Қазақстан Республикасының Қызыл
кітабының маңыздылығын
анықтау;
5.7.1.1 -
әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру;
5.7.1.2 –
ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну;
6.3.3.3 -
Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану
салаларын анықтау;
6.3.3.4 -
Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын
атау және көрсету;
6.3.3.5 -
пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған
ортаға әсерін түсіндіру;
6.4.2.4 -
толыққанды тамақтану рационын құру;
6.4.2.5 -
азық-түлік өнімдеріндегі органикалық
заттардың болуын
тестілеу;
6.5.1.4 -
электр энергиясының құнын есептеу;
6.5.1.5 -
энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну;
6.6.3.1 -
өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін
талдау;
6.6.3.2 -
экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
6.7.1.1 -
әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;
6.7.1.2
-
жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық
ғалымдардың үлесін талқылау;
6.7.1.3 -
ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына
болжам жасау.
«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге
құмарлықты,
ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи
және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.
Ол білім алушының қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен
құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі
практикалық және
зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен
байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
145
5-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
6-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: