Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)



жүктеу 343.4 Kb.

бет5/5
Дата15.03.2017
өлшемі343.4 Kb.
1   2   3   4   5

7. Оқу-тәрбиелеу орталығы (кешені) қызметінің қағидалары

      67. Оқу-тәрбиелік орталық (кешен) - бұл өз құрылымында оқу-тәрбиелік орталығы бар жапы 

жалпы білім беретін орта мектеп (бұдан әрі - ОТО).

      68. ОТО негізгі міндеті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білімнің жалпы білім 

берудегі оқу бағдарламасын жүзеге асыру.

      69. ОТО жоғарыда аталғандарды жүзеге асыруда келесі міндеттерді іске асырады: 

      1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға 

бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;

      2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;

      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін дамыту, олардың 

қабілеттерін ашу;

      4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралығын 

дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;

      5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке,



мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, 

Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

      6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси

экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен 

міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      7) қоғамдық өмірге бейімдеу;

      8) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;

      9) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;

      70. ОТО бір немесе бірнеше ұқсас пәндердің мұғалімдерін біріктіреді. Әдістемелік 

бірлестіктердің басшылары Орталыққа басшылық етеді.

      71. ОТО оқушыларға сабақтан тыс тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырады, қосымша білім береді.

      72. ОТО ішінде мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді. 

      73. Әр ОТО – ол өзіне оқу кабинеттерді, сондай ақ ОТО қызмет мазмұнына сәйкес рәсімделген

рекреация мен кіреберістері бар дербес бөлімше.

      74. ОТО әдістемелік, анықтамалық әдебиетпен, сөздіктермен, теле-радиоаппаратурамен 

жабдықталған.



8. Оқу орталығы қызметінің қағидалары

      75. Оқу орталықтары-білім басқармасының электрондық оқыту аясындағы құрылым бөлімшесі.

      76. Оқу орталықтарының негізгі мақсаты электронды оқытуда игеру әдістемелік басшылықты, 

электронды оқытуды енгізу процесін қолдау мен үйлестіруді қамтамасыз ету.

      77. Орталық аталған мақсатқа қол жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асырады:

      1) электронды оқыту инфрақұрылымының қызмет етуі мен дамуын, сондай-ақ сәйкесінше 

территорияда үслестіруді қалыптастыру, қамтамасыз ету;

      2) электронды оқыту жүйесінде ақпараттық, аналитикалық, консалтингтік қызмет түрін 

көрсету, интерактивті сабақ өткізу;

      3) шағын кешенді мектептер мен тірек мектептерді бір білім беру кеңістігіне шоғырландыру 

және қашықтан оқытуда сессияаралық әрекеттесуін қамтамасыз ету.

      78. Оқу орталығы оқыту-ақпараттық, көрсету залдарымен, компьютерлік сыныптармен 

қамсыздандырылады.

      79. Оқу орталығы электронды оқудың тиімділігін жоғарлату және қолдану бойынша әдістемелік

нұсқаулықтар дайындайды, электронды оқу сұрақтары бойынша қажетті материалдарды белгіленген 

ретте білім мекемелерінен жинау және талдауды жүзеге асырады, тәжірибе алмасу бойынша басқа да 

ақпараттық материалдарды, электрондық оқу мәселелері бойынша нұсқаулар,электронды оқуды тиімді 

енгізудің жағдайы мен деңгейін зерттеп, талдау жасайды.

      80. Оқу орталығының қызметі оған жүктелген міндеттерге сәйкес, дербес атқарылатын жұмыс 

жоспарының негізінде құрылады.



9. Біріктірілген білім беру ұйымдарын басқару

      81. Педагогикалық кеңес біріктірілген білім беру ұйымдарының ұжымдық басқару формасы 

болып табылады.

      82. Біріктірілген білім беру ұйымын тікелей директор басқарады. Біріктірілген білім беру 

ұйымының директоры Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте

аттестациядан өтеді. Біріктірілген білім беру ұйымының директорына өзінің қызметін басқа 

басшылық қызметтермен ішкі және ұйымның сыртындағы жұмыстармен (ғылыми және ғылыми-әдістемелік 

басшылықтан басқа) қоса атқаруға рұқсат етілмейді.

Қазақстан Республикасы    

Білім және ғылым министрінің 



2013 жылғы 17 қыркүйектегі 

№ 375 бұйрығына 7-қосымша 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

күші жойылған кейбір шешімдерінің

тізбесі

      1. «Жалпы білім беретiн және мектепке дейiнгі білім ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн 

нормативтiк-құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 

 (Қазақстан Республикасының Әдiлет 

бұйрығы


министрлігінде 2005 жылғы 9 тамызда № 1216 тiркелген);

      2. «Жалпы білім беретiн және мектепке дейiнгі білім ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн 

нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрінің 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 713 

 (

бұйрығы



Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 22 қарашада № 2053 тіркелген);

      3. «Мектепке дейiнгi және жалпы білім беретiн білім беру ұйымдарының қызметiн реттейтiн 

нормативтiк құқықтық актiлердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым 

министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 729 

 (Қазақстан 

бұйрығы

Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қарашада № 2570 тіркелген, жариялануы: «



Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік 

құқықтық актілер Бюллетені», 2003 ж., № 37-42, 880-құжат);

      4. «Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін 

регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 15 қарашадағы № 716 

 (Қазақстан 

бұйрығы


Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 8 

желтоқсанда № 3966 тіркелген);

      5.«Арнаулы білім беру ұйымдары туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 42 

 (Қазақстан Республикасының 

бұйрығы


Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 23 наурызда № 3510 

тіркелді, жариялануы: ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2005 ж. № 14, 76-құжат);

      6. «Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 68 

 (Қазақстан 

бұйрығы


Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 23 

наурызда № 3511 тіркелген, жариялануы: ҚР нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2005 ж. № 18,

145-құжат).

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК




1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал