Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру)


Интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата15.03.2017
өлшемі134,14 Kb.
#9655
1   2   3   4   5

2. Интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру

      5. Интернаттық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі Жалпы орта білімнің жалпы орта 

білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына және 

осы Үлгілік қағидаға, ішкі тәртіптің жарғысы мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

      6. Медициналық персонал балалардың денсаулығын сақтауды және күшейтуді, профилактикалық 

іс-шаралар өткізуді, интернаттық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық жай-күйі мен тамақтануға 

бақылауды қамтамасыз етеді, тәулік бойы балалардың келуін ескере отырып, жұмыстың гигиеналық 

негізделген режимін ұйымдастырады. 

      7. Белгілеген нормаларға сәйкес оқушылар киіммен, аяқ киіммен, жұмсақ және қатты 

мүкәммалмен, жеке гигиеналық заттармен, оқулықтармен, жазу керек-жарақтарымен, ойыншықтармен, 

ойындармен қамтамасыз етіледі. 

      8. Интернаттық білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы 

Қағидаға, Жарғыға және ішкі тәртіптің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

      9. Интернаттық ұйымдар оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеуде, 

ауыстыруда, білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық-шаруашылық 

қызметті жүзеге асыруда дербес. 

      Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатта консультациялық 

пункттер, кәсіби мектептердің арнайы топтары, білім алушылардың қосымша еңбектік даярлау мен 

қайта даярлау орталықтары ашылуы мүмкін.

      10. Интернаттық ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының 

заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      11. Интернаттық білім беру ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына 

сәйкес лицензияланады. 

      12. Интернаттық білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында 



белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қаржылық және материалдық қаражаттардың қосымша 

көздерін тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады, 

оны қаржыландыру нормативтері мен абсолюттік көлемдерінің қысқаруына әкеп соқтырмайды. 

      13. Интернаттық ұйымдар көмекші ауыл шаруашылығын, оқу тәжірибелік участкелер, 

оқу-өндірістік шеберханалар құра алады.

Қазақстан Республикасы    

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 17 қыркүйектегі 

№ 375 бұйрығына 6-қосымша 

Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің

үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Біріктірілген білім ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар)

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының 

 сәйкес әзірленген және 

Заңына

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандары мен 



ведомстволық бағыныстылығына қарамастан біріктірілген білім беру ұйымдарының қызмет тәртібін 

айқындайды.

      2. Біріктірілген білім беру ұйымдарының негізгі түрлері:

      1) мектеп-гимназия;

      2) мектеп-лицей;

      3) қосымша білім беру мектеп-орталығы;

      4) мектеп-интернат-колледж;

      5) оқу-сауықтыру орталығы (кешені);

      6) оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық);

      7) оқу-тәрбие орталығы (кешені);

      8) оқу орталығы болып табылады.

      3. Біріктірілген білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды 

қабылдау тәртібі 2012 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 127 қаулысымен 

бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 

бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік 

 

қағидаларына



сәйкес іске асырылады.

      4. Ұйымдардың үлгілері мен түрлері бойынша сыныптардың (топтардың) жиынтықтылануы 

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      5. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша біріктірілген білім беру ұйымдары 

бекітілген аумақ шегінде, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дербес( 

аты-жөні бойынша) есепке алуды жүргізеді.

      6. Біріктірілген білім беру ұйымдарының штаттық саны оның Жарғысымен және Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім 

беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі 

 белгіленеді.

штаттарына

      7. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғалар 

педагогикалық қызметпен шұғылдана алады. 

      Білім беру ұйымдарына сот үкімі немесе медициналық қорытынды негізінде педагогикалық 

қызметке тыйым салынған, сондай-ақ белгіленген 

 тәртіпте жазасы өтелмеген және 

заңнамалық

сотталғандығы кешірілмеген тұлғаларға педагогикалық қызмет етуге рұқсат берілмейді.

      8. Біріктірілген білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, 

аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін 

ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі 

 

ережесіне



сәйкес жүзеге асырылады. 

      9. Инклюзивтік білім беруді іске асыру мақсатында біріктірілген білім беру ұйымдары даму 

мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді.

      10. Сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда, сыныптарды бөлу сынып 

оқушыларының жалпы санын әрбір осындай балаға үш балаға кеміту есебінен жүзеге асырылады.

      11. Сыныптарда мүмкіндігі шектеулі оқушыларды дені сау балалармен бірге оқыту жалпы білім

беру бағдарламасы, сондай-ақ (аудандық,қалалық) Психологиялық-медико-педагогикалық кеңес 

ұсынымдарына сәйкес арнайы оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. (бұдан әрі - ПМПК)

      12. Оқу жылының қорытындысы бойынша, білімнің бастауыш сатысындағы мүмкіндігі шектеулі 

оқушыларда 1-2 пәннен академиялық берешектері болса, жаздық тапсырмалар мен емтихандарды 

тапсырғаннан кейін келесі сыныпқа көшіріледі, үш немесе одан да көп пәндер бойынша оқу жылының 

бағдарламасын игермеген оқушылар, келесі сыныпқа көшірілмейді немесе ата-аналарының өтініші 

және ПМПК қорытындысы бойынша арнайы сыныптарға ауыстырылады. 

      13. Біріктірілген білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі балаларға мектепке дейінгі

шағын орталық пен мектепке дейінгі сыныптар ашылады.

      14. Мектепке дейінгі шағын орталықтар мен мектепке дейінгі сыныптар білім беру процесінде

мектепке дейінгі балалардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, келесі жұмыс түрлерін жүргізеді: 

ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрлық және басқа да жұмыстар, сондай-ақ баланың 

жеке мүмкіншілігін қарастырады, балалардың жас ерекшелігі және психологиялық ерекшелігіне қарай 

әртүрлі шағын топтардағы жұмыстар.

      15. Мемлекеттік біріктірілген білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілер 

оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге 

асырылады.

      16. Біріктірілген білім беру ұйымдары өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес, шетелдік білім

беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыс орната алады; 

серіктестік туралы екіжақтық және көпжақтық келісім шарт жасауға, білім саласында халықаралық 

үкіметтік емес ұйымдарға (бірлестіктерге) кіруге құқылы. 

      17. Біріктірілген білім беру ұйымдары заңды тұлға ретінде өзінің атауы, жарғысы, 

заңнамаға сәйкес банктерде есепшоттары, бланктері, бекітілген үлгідегі мөрі болады. 

      18. Біріктірілген білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау білім саласындағы 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі

      19. Біріктірілген білім беру ұйымдарында білім беру мазмұны Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 

 бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті 

қаулысымен

білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген жұмыс жоспарларымен және оқу жоспарымен анықталады.

      Нақты ұйымның ерекшелігін сипаттайтын және негізгі оқу жоспарының вариативті бөлігінің 

құрамына кіретін жұмыс оқу жоспары және оқу пәндерінің бағдарламаларын мектеп дербес жүзеге 

асыруға құқылы.

      Мектеп–гимназияларда, мектеп–лицейлерде пәндерді тереңдете оқыту үшін әр сыныпқа 4 

сағаттан оқушылардың таңдауы бойынша факультативтер мен қосымша курстарды ұйымдастыруға қаржы 

бөлінеді. Үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдастық және т.б. ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 

әрбір сыныпқа 0,25 ставка, сондай–ақ, жоғарғы білікті мамандармен келісім шарт негізінде жеке 

курстар мен лекциялар өткізу үшін мектепке жылына есеппен 1500 сағатқа қаржы бөлінеді.

      Факультативтік сабақтар және қалауы бойынша курстар топта 10 адамнан кем болмаған 

жағдайда жүргізіледі.

      20. Біріктірілген білім беру ұйымында сабақтар кестесі, осы ұйымның басшысы немесе оның 

міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі.

      21. Сабақ кестесінде күнделікті сабақ саны, сабақтың уақыты мен жүйелігі көрсетіледі. 

      Біріктірілген білім беру ұйымдарының сабақ кестесінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің 

белсенді демалуы және тамақтануы үшін үзіліс қарастырылған. 

      22. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар аралығындағы 

үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) 30 минутты 

құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс 

жасауға жол береді.

      23. Білім беру ұйымдарындағы бір сабақтың ұзақтығы – қырық бес минут (арнайы сыныптарда 



қырық минуттан аспауы тиіс.

      Сабақтар сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан, күндізгі 

оқу жүктемесі бастауыш мектепте бес сабақтан, негізгі мектепте жеті сабақтан, жоғарғы мектепте 

сегіз сабақтан аспайды.



2. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер қызметінің қағидалары

      24. Мектеп-гимназия, мектеп-лицей – өз құрылымында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 

білім берудің жалпы білім беретін бағдармаларын іске асыратын сыныптары, сондай-ақ оқушылардың 

қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын 

қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын сыныптары бар заңды дербес жалпы орта 

білім беретін оқу орындары.

      25. Мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлердің мақсаты:

      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын және оқушыларға 

тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын, сондай-ақ қосымша жалпы білім беру 

бағдарламаларын сапалы меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасау.

      26. Аталған мақсатын жүзеге асыру үшін мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер келесі 

тапсырмаларды іске асырады:

      1) кәсіптік білім бағдарламасын игеруге және таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген

, мәдениеті жоғары интелектуалды тұлғаны қалыптастыру;

      2) оқуға қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау;

      3) гимназия және лицей сынып окушыларын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру стандарт деңгейін арттыру арқылы оқыту;

      4) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану негізінде оқушылардың 

өзіндік танымдық қызмет және шығармашылық қабілет дағдыларын дамыту; 

      5) шығармашылық әлеуетін арттыруға қолайлы жағдайлар жасау;

      6) жалпы білім беру процесінде алдыңғы қатардағы шетелдік және отандық педагогикалық 

тәжірибені пайдалану, педагогтардың кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылығын арттыру;

      27. Мектеп-гимназияның бағыттары: гуманитарлық, тілдік, эстетикалық және көпсалалық 

бағытта болуы мүмкін.

      28. Мектеп-лицейдің бағыттары: жаратылыстану-математикалық, экономикалық, сондай-ақ 

көпбейінді болуы мүмкін.



3. Қосымша білім беретін мектеп–орталықтардың

қызмет қағидалары

      29. Қосымша білім беретін мектеп-орталық -бұл құрылымдық бөлімшесінде қосымша білім беру 

орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп.(бұдан әрі-Орталық)

      30. Орталық қызметінің мақсаты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім берудің 

жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыру.

      31. Аталған мақсатты жүзеге асыруда Орталықтың негізгі міндеттері: 

      1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға 

бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;

      2) білім алушыларды кәсіби-бағдарлық жұмыспен қамтамасыз ету;

      3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене бітімінің мүмкіндіктерін дамыту, олардың 

қабілеттерін ашу;

      4) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралығын 

дамыту үшін жағдай жасау арқылы зердесін байыту;

      5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке,

мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, 

Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

      6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, 


экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен 

міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      7) балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту;

      8) қоғамдық өмірге бейімдеу;

      9) бос уақытын мағыналы өткізуді ұйымдастыру;

      10) оқушылардың оқуы үшін қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;

      32. Орталық 1-11 сыныптардың сынып жетекшілерін, педагог-ұйымдастырушыларды, әлеуметтік 

педагогті, қосымша білім беретін педагогтарды және оқушыларды біріктіреді. Орталықты басқару 

жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атқарады.

      33. Орталықтың жұмысы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқу жылына 

құрған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құрылады және мектеп директорының 

бұйрығымен бекітіледі.

      34. Орталық сабақтан тыс уақытта клубтар, студиялар, үйірмелер, секциялар ұйымдастырады.

      35. Орталықтың жоспарлаған жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) тәрбие бағыты бойынша: денешынықтыру-спорттық, туристік-өлкетанымдық

көркем-эстетикалық, табиғи-ғылыми, экологиялық-биологиялық, әскери-отаншылдық;

      2) бейіндік бағыт бойынша: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық.

      36. Орталық барлық мектептерге қызмет етеді, барлық қалаушылар үшін, сондай-ақ өзге 

мектептердің оқушылары үшін де есігі ашық.

4. Мектептер-интернаттар-колледждер қызметтерінің қағидалары

      37. Мектептер-интернаттар-колледждер жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беретін, 

жататын орнымен қамтамасыз ететін дербес заңды тұлға болып табылады.

      38. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсаты:

      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік және техникалық жалпы орта білім беру 

бағдарламаларын іске асыру.

      39. Мектептер-интернаттар-колледждердің негізгі мақсатын жүзеге асыруда келесі 

міндеттерді атқарады:

      1) ұлттық және қоғамдық құндылық негізінде жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруға 

бағытталған сапалы білім алу үшін жағдай жасау,ғылыми және әдістемелік жетістіктерге жеткізу;

      2) кәсіби бағытта оқушыларды жұмыспен қамсыздандыру;

      3) нарықтық еңбек талаптарына сай өндірісте оқыту, теориялық білім мен өндіріс арасындағы

қарым-қатынасты байланыстыра отырып, білім жүйесін дамыту;

      4) еңбек нарқы және қоғамдық талаптардың өзгеруіне байланысты заманауи бейімделуге себеп 

болатын, білімде жаңа технологияларды тиімді қолдану және енгізу;

      5) оқушылардың интернатта тұруына қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау;

      40. Мектептер-интернаттар-колледждер, жалпы білім беретін мектептері жоқ, ауылды жерде 

тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

      41. Мектептер-интернаттар-колледждерде білім алушыларға академиялық демалыс тағайындау 

Заңға сәйкес жүзеге асырылады

      42.Мектептер-интернаттар-колледждер білім саласындағы Қазақстан Республикасының 

заңнамасына сәйкес ұйымның оқу-тәрбие процесінде, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, 

оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметтінде дербес.

      43. Медициналық персонал - оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, алдын-алу 

іс-шараларын өткізу, мектептер-интернаттар-колледждердің санитарлы-гигиеналық жағдайын қадағалау

, оқушылардың тәуліктік мекендеуін есепке ала отырып, гигиенаға негізделген жұмыс кестесін 

ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      44. Мектептер-интернаттар-колледждерді сәйкес құрал материалды техникалық жабдықтау заңға 

сәйкес жүзеге асырылады.

5. Оқу-сауықтыру орталықтар (кешен) қызметінің қағидалары


      45. Оқу-сауықтыру орталықтарының қызметі (бұдан әрі - ОСО) - баланың жеке тұлға ретінде 

толық дене бітімінің, психологиялық және рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасауға бағытталған

      46. Ауысым ұзақтығы 15 және 20 күнді құрайды. 



      47. ОСО оқу процесіне қатысушылар - шығармашыл балалар, ұлтаралық, республикалық, 

аймақаралық, қалалық мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары, шығармашылық байқауының қатысушылары,

медициналық және педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар (басқа да жас өспірімдердің заңды 

өкілдіктері).

      48. ОСО мақсаты:

      денсаулық сақтау, білім, тәрбиелеу саласында бала құқығын, жеке тұлғаны дамыту және 

кәсібін анықтауды қамтамасыз ету.

      49. Жоғарыда көрсетілген ОСО мақсатын жүзеге асыру үшін орындалатын келесі міндеттер:

      1) қоғам өміріне балалардың әлеуметтік бейімдеу, еңбек және басқа өмір дағдыларын 

қалыптастыру;

      2) балаларды тәрбиелеуде құқық бұзушылық пен қылмыстықтарды, жағымсыз әдеттерді, 

инфекциялық және басқа ауруларды алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;

      3) мәдени әлемдік көзқарас, белсенді азамматтық ұстанымды қалыптастыру;

      4) ғылыми-техникалық, көркем шығармашылықта, спортта, туризмде, өлкетану мен басқа да 

танымдық әрекеттерде инженерлік-техникалық құзыреттілікті арттыру және тереңдету.

      5) өмірлік дағдыларды тәжірибеде қолдану.

      50. ОСО қызметінің нысаны:

      1) сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша кешендік шараларды жүзеге асыру;

      2) жасөспірімдер мен балаларды сауықтыру және белсенді демалуы;

      3) жасөспірімдер мен балалардың демалуында, сауықтандыру уақыты кезеңінде білімдік 

бағдарламаларды игеруі үшін қажетті жағдай жасау;

      4) ОСО балалардың халықаралық және республикалық мәдени-бұқаралық, спорттық, 

ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар және басқа да жұмыс түрлерін жүргізеді.

      51. ОСО жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіптемесінің ережесімен бекітіледі және Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшылық туғызбауы керек. 

      52. ОСО материалдық-техникалық базасының дамуы мен құрылуы құрылтайшылардың қаржылық 

шотынан, ақылы қызмет көрсету негізінде түскен түсімнен жүзеге асырылады.

      53. Оқушылардың әлеуметтік бейімделу және білім беру процесінің үйлесімділігі мақсатында 

ОСО-нда әлеуметтік педагогикалық, психологиялық және медициналық қызмет құрылады. 

      54. Балаларды медициналық көмек көрсетумен қамсыздандыру ОСО басшысына жүктеледі. ОСО-да 

медициналық қызметкерлердің қызметіне қажетті жағдайлар туғызу мен бөлме беру, сонымен қатар 

балалардың денсаулығын нығайту және қорғау мақсатындағы жұмыстарды бақылау ОСО басшысына 

жүктеледі.

6. Оқу-өндірістік комбинат қызметінің қағидалары

(мектепаралық, курстық)

      55. Оқу-өндірістік комбинаты (мектепаралық, курстық) (бұдан әрі-Комбинат), жергілікті 

атқарушы органдармен қаржыландырылатын, оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдау арқылы 

қоғамдық өмірге бейімделуін қамсыздандыратын, мемлекеттік білім беру ұйымы болып табылады.

      56. Комбинат «Технология» пәнін оқыту барысында негізгі орта және жалпы орта білім беру 

бағдарламаларын, сондай-ақ еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бейімдеу, еңбекке дайындауды көздейтін 

қолданбалы, таңдау бойынша және қосымша оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

      57. Комбинаттың қызметінің мақсаты:

      1) оқушыларды еңбек және кәсіптік оқуына қажетті жағдайлар жасау;

      2) кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу. 

      58. Аталмыш мақсаттарға жету үшін комбинат мына тапсырмаларды іске асырады:

      1) оқушылармен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу;



      2) оқушылардың мүдделеріне, медициналық-физиологиялық көрсеткіштеріне, бейімділіктеріне, 

қызығушылығына сәйкес, экономикалық білімдер негіздерін және кәсіби бағыттануды қалыптастыру, 

еңбекке саналы көзқарасын тәрбиелеу, нарық жағдайындағы өмір мен еңбекке дайындау;

      3) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-12 сынып оқушыларының кәсіби 

мүдделерін айқындау, дамыту және бекіту, олардың қоғамдық пайдасы бар еңбектерін ұйымдастыру, 

техникалық шығармашылығын, өнертапқыштығын дамыту;

      4) мемлекеттік және басқа меншік түріндегі мекемелермен келісім-шарт және өзара тиімді 

әріптестік негізінде өндірістік қызметті іске асыру.

      59. Комбинат оқушыларды оқытуға, тәрбиелеуге, еңбек және кәсіби дайындауға қажетті 

жағдайлар болған жағдайда құрылтайшылар тарапынан қалаулары бойынша жергілікті атқару 

органдарымен құрылады.

      60. Комбинаттың заңды тұлға құқығы жарғылық қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу құқықтары 

мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, ал білім беру қызметін атқару лицензия алған уақыттан 

бастап күшіне енеді.

      61. Комбинаттың оқу процесі, бекітілген оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі және сабақ 

кестесімен реттеледі.

      62. Комбинат жалпы білім беру ұйымдарымен бірлесіп және аудандық (қалалық) білім 

бөлімінің келісімі бойынша оқушылардың контингентін анықтайды.

      63. Комбинат білім беру қызметін мына бағыттарда жүргізеді:

      1) жалпы білім беру ұйымдарының 7-12 сыныптарға арналған «Технология» пәнінің 

стандарттарына сәйкес;

      2) жалпы білім беру ұйымдарының 9-12 сынып оқушыларын кәсіптік даярлау,кәсіптік бейімдеу 

жұмыстарымен қамтамасыздандыру. 

      64. Комбинатта өз таңдауы негізінде бейіні (бағыттағы) бойынша оқыған жалпы білім беру 

ұйымдарының түлектерін аттестаттау қорытындысын комбинат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін 

ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі 

 

ережесіне



сәйкес жүзеге асырылады. 

      Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатта мамандық бойынша біліктілік емтихандар жалпы білім 

беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттаудың басталуына екі апта қалғанға дейін аяқталу тиіс.

      65. Комбинаттағы оқу процесінің қатысушылары - оқушылар, педагог және инженер-педагог 

қызметкерлер, өндірістік оқытудың шеберлері (нұсқаушылары), ата-аналар (немесе заңды өкілдер) 

болып табылады.

      Елді мекенде комбинат болған жағдайда мектеп оқушылары сабақтарға қатысуға міндетті.

      66. Оқушылардың, ата-аналардың, (немесе заңды өкілдердің) комбинат қызметкерлерінің 

құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында және комбинаттың Жарғысында 

белгіленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет