Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы


-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату



бет157/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   231

311-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату


Порнографиялық материалдарды немесе заттарды тарату немесе жарнамалау мақсатында оларды заңсыз дайындау, тарату, жарнамалау, сол сияқты порнографиялық сипаттағы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды заңсыз алып өту немесе олармен сауда жасау –
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 311-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

312-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту


1. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды тарату, жария көрсету немесе жарнамалау мақсатында дайындау, сақтау немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өту не тарату, жария көрсету немесе жарнамалау –
мүлкі тәркiленіп, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Он сегіз жасқа толған адамның кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы материалдарды және (немесе) заттарды дайындауға модельдер немесе актерлер ретінде, сол сияқты порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына орындаушылар ретінде қатысу үшiн тартуы –
мүлкі тәркiленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, мынадай:
1) ата-ана, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған;
2) көрiнеу жас балаға қатысты жасалған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 312-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет