Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы



бет192/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   231

378-бап. Билік өкiлiн қорлау


1. Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау –
сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –
бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Ескерту. Билік өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Ескерту. 378-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

379-бап. Билік өкіліне бағынбау


Төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 379-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

380-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану


1. Билік өкiлiнің өз қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру –
үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға қатысты олардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолдану –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мынадай:
1) екi немесе одан көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) аса қатыгездiкпен;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен;
6) бірнеше рет;
7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
8) төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында;
9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 380-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық
Ескерту. 380-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
1. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында олардың немесе жақындарының өміріне қолсұғушылық, яғни қазаға ұшыратуға бағытталған қасақана әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) екi немесе одан көп адамға қатысты;
2) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан;
3) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты;
4) аса қатыгездiкпен;
5) басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен;
6) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық топ жасаған;
7) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен ұштасқан;
8) бірнеше рет;
9) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
10) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 16-тарау 380-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану
1. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өз қызметтік міндеттерін орындауына байланысты не қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында оларға немесе олардың жақындарына қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты олардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолдану –
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мынадай:
1) екi немесе одан көп адамға қатысты;
2) кінәлі адам үшін көрінеу дәрменсiз күйдегі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) аса қатыгездiкпен жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында;
6) бірнеше рет;
7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
8) төтенше жағдай кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiктер барысында;
9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 16-тарау 380-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет