Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы


-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу



бет204/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   231
Байланысты:
ҚР ҚК

408-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу


Судьяның, алқабидің, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, қорғаушының, сарапшының, сот приставының, сот орындаушысының, сол сияқты олардың жақындарының өміріне iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргiзілуіне не сот үкiмінің, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты аталған адамдардың заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қол сұғу –
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

409-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi


1. Iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың жақындарына қатысты өлтiрумен, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына не сот үкiмінiң, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың жақындарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолданып жасалған
іс-әрекеттер –
бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып жасалған іс-әрекеттер –
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 409-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет