Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы


-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру



бет61/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   231

126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру


1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру –
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдiк ниетпен;
9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалған;
10) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
11) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) заңсыз бас бостандығынан айырылған адамды қанау мақсатында жасалса;
3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру


1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол іс-әрекет, егер ол:
1) пайдакүнемдiк ниетпен немесе өзге де жеке мүдделілікпен жасалса;
2) адам оларды өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет