Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы


-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру



бет22/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   231
Байланысты:
ҚР ҚК

49-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру


1. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн соттаған кезде сот кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оны арнаулы, әскери, құрметтi немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан айыра алады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, сол сияқты Қазақстан Республикасының Президентi берген арнаулы, әскери, құрметтi немесе өзге де атағы, сыныптық шенi, дипломатиялық дәрежесi немесе бiлiктiлiк сыныбы бар адамды қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн соттаған кезде сот үкiм шығарғанда сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы ұсыныс енгізе алады, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзеді.

50-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру


1. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында белгiлi бiр лауазымдарды атқаруға не белгiлi бiр кәсiптiк немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан он жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Осы Кодекстің 238-бабының екінші бөлігінде, 239-бабының екінші бөлігінде, 250-бабының екінші бөлігінде көзделген, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, оның ішінде осы Кодекстің 239-бабының екінші бөлігінде көзделген қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкілеттік бойынша орындайтын тұлғалар жасаған, экономикалық қызмет саласындағы және қаржы ұйымдарындағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге белгіленеді.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 132-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде, 133-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан тұрады.
Осы Кодекстің 345-1-бабының төртінші бөлігінде және 346-бабында көзделген көліктік қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру көлік құралын басқару құқығына өмір бойына тыйым салудан тұрады.
3. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, егер сот жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып, оның белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкiн емес деп таныса, ол осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің тиiстi бабында тиісті қылмыстық құқық бұзушылық үшін қосымша жаза ретінде көзделмеген жағдайларда да тағайындалуы мүмкiн.
4. Бас бостандығынан айыруға, қамаққа алуға қосымша жаза ретінде осы жазаны тағайындау кезінде, ол негiзгi жазаны өтеудiң барлық уақытына қолданылады, бiрақ бұл ретте оның мерзiмi бас бостандығынан айыру, қамаққа алу өтелген кезден бастап есептеледi. Жазаның басқа негiзгi түрлерiне қосымша жаза түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған кезде оның мерзiмi үкiмнің заңды күшiне енген кезінен бастап есептеледi.
Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
50-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру мемлекеттің сотталған адаммен орнықты саяси-құқықтық байланысты мәжбүрлі тоқтатуынан тұрады, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
2. Он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тағайындалмайды.
Ескерту. 3-бөлім 50-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет