Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы


-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру



бет228/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   231

459-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру


1. Қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, қозғалыс құралдарын, әскери техниканы немесе өзге де әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған дәл сол іс-әрекет –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдай кезінде жасалған іс-әрекеттер –
бес жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер –
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

460-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру


Қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, қозғалыс құралдарын не әскери техниканы ауыр зардаптарға әкеп соққан абайсызда жою немесе бүлдiру –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не елу тәулiкке дейiнгi мерзiмге қамаққа алуға жазаланады.
Ескерту. 460-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

461-бап. Әскери мүлiктi жоғалту


Қызметте пайдалану үшiн сенiп тапсырылған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе әскери техника заттарын сақтау қағидаларын бұзу, егер бұл оларды жоғалтуға әкеп соқса, –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет