Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы



бет71/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   231

146-бап. Азаптаулар


1. Тергеушiнiң, анықтауды жүзеге асыратын адамның немесе өзге де лауазымды адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату не ол немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдiк келтірілген әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi тұлғаны қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бiрнеше рет;
3) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтiре отырып;
4) кiнәлi адамға жүктiлік жағдайда екені көрiнеу белгілі әйелге немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Лауазымды адамдардың заңды әрекеттерi нәтижесiнде келтiрiлген тән зардабы мен психикалық зардап азаптау деп танылмайды.

147-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу


1. Дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды қолдану мiндетi жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер бұл іс-әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру –
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз тарату не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып тарату –
жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 147-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет