Жалпы ереже 1.1. «Физика-әлемнің кілті» тақырып аясында 8-9 сынып оқушылары (қазақ тілі бөлімі) арасында өткізілетін сайыс ұйымдастырылады;
1.2. Сайыс аймақтық мектептер (№1, 5, 6, 8, 9, 23, 136, 211) арасында өткізіледі;
1.3. Байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың оқушылары қатыса алады.
Мақсаты: Физика,математика және информатика пәндері бойынша оқушылардың жаңа технология элементтерін пайдалану, шығармашылық қабілетін дамыту, интеллектуалдық білім-біліктілігін және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Ұстаным: «Оқытып жатқан ақпарат оқушыға түсінікті әрі қызықты болуы үшін, екі нәрседен аулақ болыңыз: оқушыға ол білмейтін және түсіне алмайтын нәрселер туралы...»
Лев Толстой
2.1.Сайыс өткізудің тәртібі мен шарттары: - Сайыс аймақтық мектептер (№1,5,6,8,9,23,136,211) арасында өткізіледі
- Сайысқа әр мектептен 3 оқушы қатыстырылады (бір топ)
- Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
1.Таныстыру
2.Сұрақ – жауап (Kahoot программасы арқылы)
3. «Қызық екен» (зертханалық жұмыс)
4.Олимпиадалық есептер
- Сайыс 2023 жылдың 10 наурыз күні сағат 8:30-да М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектепте өткізіледі
2.2. Сайысқа қойылатын талаптар - уақыт регламентінің сақталуы;
- әр топтың жеке эмблемасы мен ұраны болуы;
- қатысушы оқушылар киімі мектеп үлгісін бұзбауы.
3.Ұйымдастыру қызметі М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектебі
Сайысқа қатысушы оқушылардың іс-тәжірибесін бағалау үшін әділқазылар алқасы құрылады. Әділқазылар алқасының шешімімен сайысқа қатысушыларға ҚББ-нің сайыс жеңімпаздары I,II,III дәрежелі дипломмен марапатталады
Байқау туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефон арқылы біле аласыздар: 87470611509
Сайысқа сұранысқа кестедегі мәліметтерді толтырып 2023 жылдың 7 наурызға дейін kyz_school6@mail.ru жолдануы тиіс.