9 тақырып Моляры концентрация мен эквиваленттік мольдік концентрация, ерітінді концентрациясының бір түрінен екіншісіне өту 1) Моляльдылық (Сm(х)) – еріткіштің 1 кг-да еріген зат мөлшерімен анықталады:
Сm(х)= { }
2) Молярлы концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы арқылы беріледі:
С(х)= { }
3)Еріген зат эквивалентінің молярлы концентрациясы – заттың эквивалент мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы арқылы өрнектеледі:
С(fэкв(х))= { }
4) Ерітінді титрідеп ерітіндінің бір миллилитріндегі еріген зат массасын көрсететін шаманы айтады:
Т(х)= { }
5) Ерітінді тығыздығы деп ерітіндінің көлем бірлігінің массасын айтады:
ρ= { }
10 тақырып Ерігіштікке есептер шығару Ерігіштікдегеніміз заттардың суда еруін сипаттайтын қасиет. Заттардың барлығының суда еруі бірдей емес, осыған байланысты оларды жақсы еритін (е), аз еритін (ае) және ерімейтін (ем) деп бөледі. Заттардың ерігіштігі төменде көрсетілген жағдайларға байланысты: еріткіш пен еріген зат табиғатына, температураға, заттың ерітікшпен жанасу бетінің ауданына, қысымға (газ тәріздес заттар үшін).
Белгілі бір тұрақты температурада зат ерітіндіге өткен затпен тепе – теңдікте болса, ондай ерітіндіні – қаныққан, ал ерітіндіде зат одан ары ери алса - қанықпаған деп, еріген зат концентрациясы қаныққан ерітіндіден жоғары болатын болса, оны аса қанық ерітінді деп атайды.
Заттың ерігіштігі деп белгілі бір температура еріткіштің масса (100г,1000г), көлем (1л) бірлігінде ери алатын зат массасын не мөлшерін айтады.
S { , , }
Тақырып 11 Олеумге есептер шығару Олеум дегеніміз – SO3 (күкірт VI оксидінің) күкірт қышқылындағы ерітіндісі. Олеум компоненттері SO3 пен H2SO4, яғни олеумде су болмайды. Осы тақырыпқа арналған есептерді 3 типке бөлуге болады.
Олеумді су мен күкірт қышқылы ерітіндісі негізінде әзірлеу.
Олеумді сумен, күкірт (VI) оксидімен, күкірт қышқылымен немесе олеуммен құрамдас бөлікпен араластыру.
Олеуммен байланысты химиялық реакциялар яғни оның сілтімен немесе тұздармен әрекеттесуі.