Фарадей тұрақтысы (F, Кл/моль–экв) – электродта В затының бір эквиваленттік мөлі бөліну үшін қажетті электр мөлшері:
F = 96484,56 0,27 Кл/моль–экв.
Бір Фарадей дегеніміз – электронның бір моль эквивалентінің заряды:
1F = NА e.
Химиялық эквивалент (Хэ) – берілген қышқылдық негіздік реакцияда бір сутегі ионына немесе OH –(гидроксоний ионына) эквивалентті болатын, не тотығу тотықсыздану реакциясында бір электронға эквивалентті болатын нақты немесе шартты бөлшек. Химиялық эквивалент мөлінің массасы эквиваленттік масса деп аталады (Мэк(Xэ).
Сандық есептер - заттармен, химиялық реакцияларды және ұғымдарды қолданып, сандық мәліметтерді математикалық тәсілдермен жүзеге асыруға арналған тапсырмалар.
Есеп шығару әдістері – сандық және сапалық есептерді шығару жолдарының жүйесі.
Ізделетін мәндер - есеп шығару барысында табылатын бір немесе бірнеше белгісіз мәндер. Олар сандық немесе сапалық сипатта болады.
Есептің берілгені (берілісі) – тапсырмадағы белгісіз шамаларды анықтау үшін қажетті есеп шарты.
Химия заңдарына есептер – химияның негізгі стехиометриялық заңдары мен газ заңдарына берілген тапсырмалар.
Формула бойынша есеп - берілген заттың формуласы бойынша есептеу амалдарын жүргізуге бағытталған тапсырмалар жиыны.
Қарапайым формула заттың құрамына қандай атомдар қандай қатынаста кіретінінен көрсетіп; оны химиялық элемент символдары мен индекстер көмегімен жазамыз, мысалы: , мұндағы x, y, z – бүтін сандар бірақ олардың ортақ бөлгіші болмайды. Сондықтан формула жай немесе қарапайым деп аталады.
Жай формула элементтік анализ мәліметтері негізінде анықталады; сондықтан оны эмпирикалық деп те атайды. Жай формула әр элементтің молекуладағы санын көрсетпейді. Мысалы этанның жай формуласы – , этилен мен пропендікі, циклопропендікі , ацетилен мен бензол үшін – .
Достарыңызбен бөлісу: |