«жалпы фармакология бөлімдеріне кіріспе» Мақсаты


Дәрілердің әсерінің түрлері



бет5/7
Дата10.05.2023
өлшемі1,14 Mb.
#91532
1   2   3   4   5   6   7
Дәрілердің әсерінің түрлері
Жергілікті және резорбтивті әсер.
Жергілікті әсер – дәрілерді жергілікті қолданғанда, пайда болған өзгерістердің жиынтығы (жергілікті анестетиктердің ықпалымен ауырсынуды және температураны сезудің жойылуы).
Резорбтивті әсер – дәрілік заттардың қанға сіңірілгеннен кейін және гистогематикалық кедергілер арқылы циторецепторларға өтуінен соң пайда болған эффектілер (наркоздың дәрілерді қолданғаннан кейінгі және наркотиктік, бейнаркотикті аналгетиктерді қолданғандағы аналгезия; кофеинді қабылдаған адамдарда дене және ой қызметі қабілеттілігінің жоғарылауы).
Тікелей және қосымша әсер.
Тікелей (біріншілік) әсер – дәрілердің осы ағзалардың клеткаларына әсер ету нәтижесінде пайда болған ағзалардағы өзгерістер (мысалы: несеп айдайтын дәрілермен бүйректің өзекшелерінде су және иондардың реабсорбциясына әсер еткенде несептің түзілуінің жоғарылауы).
Қосымша әсер – дәрілердің ағзалар мен клеткаларға әсер еткенде, осы ағзалармен функциональды байланысқан басқа ағзалар мен клеткалардың функцияларының өзгеруі (жүрек гликозидтері несеп айдайтын әсер көрсетеді, себебі жүректің жиырылуын күшейтеді, бүйректерде қан айналымды жақсартады, фильтрацияны және несептің түзілуін жоғарылатады).
Рефлекторлық әсер – дәрілердің сезгіш нерв ұштарына тікелей әсер ету арқылы жүреді, нәтижесінде органдардың фукциясы өзгереді.


Қайтымды және қайтымсыз әсерлер
Қайтымды әсер дәрілердің циторецепторлармен берік емес физико – химиялық байланысқа түсуімен пайда болады.
Қайтымсыз әсер дәрілердің циторецепторлармен ковалентті байланысқа түсу нәтижесінде пайда болады.


Негізгі және жанама әсерлер
Негізгі әсер – дәрілерді қолдану арқылы қол жеткізген организмдегі өзгерістердің жиынтығы.
Жанама әсер – дәрілердің қосымша, жағымсыз әсерлері. Бір дәрінің түрлі фармакологиялық эффектілері әр түрлі ауруларда негізгі әсер және жанама болуы мүмкін. Бронх демікпесін емдегенде, адреналиннің негізгі әсері бронхтарды кеңейтеді, ал гипогликемиялық әсері комада гликогенолизді күшейтіп және қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарылатады. Жанама әсерлер көп дәрілер қабылдағанда пайда болады.
Таңдамалы (селективті) әсер – дәрілердің белгілі бір ағзалар мен жүйелердің функциясына әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Мысалы ингаляциялық наркозға арналған дәрілер бас миында, қанға қарағанда 1,5 – 2 есе жоғары концентрацияда болады. Иод қалқанша безіне интенсивті түрде түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет