«жалпы фармакология бөлімдеріне кіріспе» Мақсаты


Дәрілерді қатар қолданғанда пайда болатын эффектілер



бет7/7
Дата10.05.2023
өлшемі1,14 Mb.
#91532
1   2   3   4   5   6   7
Дәрілерді қатар қолданғанда пайда болатын эффектілер
Синергизм – (грек. Synergos – бірге әсер етуші) бір препараттың әсерінің екінші препаратпен күшеюі. Қосындыланған және потенцирленген синергизм деп екіге бөлінеді.
Антагонизм – бір препараттың әсерінің екінші препаратпен әлсіреуі. Антагонизмнің түрлері:

  1. Физикалық антагонизм – қанға сіңірілуінің және резорбтивті әсерінің азаюы.

  2. Химиялық антагонизм – қандағы дәрілердің химиялық әсерлесуі нәтижесінде активсіз өнімдер түзуі.

  3. Физиологиялық антагонизм (функциональды) – дәрілердің мүшелер мен жасушалардың функцияларына қарама – қарсы бағытта әсер еткенде пайда болатын әсерлесуі.

4. Синерго – антагонизм -дәрілерді қиыстырып қолданғанда кейде дәрілердің бір эффекті үлкейеді, келесі бір эффектілері төмендейді.
Дәрілердің элиминациясы
Элиминация (ағыл. Eliminatum – босаға шығару, бөліп тастау) – дегеніміз биотрансформация және экскреция нәтижесінде дәрінің организмнен бөлініп шығарылуы.


Дәрілердің әсері олардың қасиеттеріне байланысы.

  1. Химиялық құрылымына байланысты.

Химиялық құрылымы бірдей дәрілердің фармакологиялық әсерлері де бірдей.
Сол себептен көп дәрілердің жіктелісі химиялық құрылымына байланысты жасалған.
Мысалы: барбитураттар.
Бірақ кейбір химиялық құрылымы әртүрлі дәрілер бірдей әсер етуі мүмкін.
Мысалы: атропин мен платифиллин



  1. Физикалық және физико – химиялық қасиеттеріне байланысты. Суда немесе майда ерігіш, ұшпалық, ұсақталғандық, электролиттік диссоциация қасиеттеріне.

Мысалы: майда жақсы еритін дәрілер асқазанда тез сіңеді.



  1. Дозасына байланысты.

Дәрінің әсер ету қабілеті дозасына байланысты. Дозасын көбейткенде оның әсері күшейеді. Медицинада дәрілер белгілі бір дипазон дозасында қолданылады.
Дәрінің әсер ете бастаған дозасы кішігірім терапиялық доза деп аталады. Бірақ медицинада бұл дозадан көбірек орташа терапевтік доза қолданылады. Оданда жоғарғы доза ең жоғарғы бір жолғы доза деп аталады.
Одан әрі дәрінің дозасын көбейтсе, адам уланады – бұл доза уландырғыш доза деп аталады. Ал, адам дәрінің дозасын көбейткенде мерт – болса, өлтіретін доза деп аталады.
Ең төменгі терапиялық доза мен уландырғыш дозаның аралығы терапиялық әсер ету кеңдігі деп аталады. Егер дәрінің терапиялық әсер ету кеңдігі үлкен болса, бұл дәрі қауіпсіз дәрі.

4.Адам организмінің ерекшеліктеріне байланысты.


Жасқа байланысты.
Балалар мен қарт кісілердің ағзасы дәрінің әсеріне өте сезімтал. Сол себептен балаларға дәрінің дозасы аз беріледі. өйткені олар дәрінің әсеріне өте сезімтал, және дене салмағы аз, ферменттердің активтілігі төмен.
Мысалы: морфинді, кодеинді, этилморфинді, прозеринді І жасқа дейінгі балаларға қолданбайды.
Қарт кісілерге орталық жүйке жүйесін күйзелтетін дәрілердің дозасын азайтады /үлкен кісілерге берілетін дозаның жартысын береді/.
Адам дене салмағына байланысты.
Дәрілердің дозасын адам салмағына қарай өзгертіп береді.
Мысалы: салмағы үлкен кісілерге дәрілердің дозасын көбейтеді. Көп дәрілер балаларға салмағына есептеліп беріледі (кг/гр).
Жеке сезгіштік қабілетіне байланысты.
Көп кісілерге әр түрлі дәрілер бір дозада әр түрлі әсер етеді. Бұл доза адамның жеке генетикалық өзгешелігіне байланысты болуы мүмкін. Кейбір кісілерде дәрілер өзінің әсеріне ұқсас емес өзгерістер туғызуы мүмкін.
Осындай дәрілерге жат өзгерістер – «идиосинкразия» деп аталады. Идиосинкразия белгілі бір ферменттердің аз болуынан тууы мүмкін.


5.Адам организмінің күйіне байланысты.
Мысалы: қоздырғыш дәрілер органның қызметі тежелгенде оның қызметін қоздырады.
Ал, органдардың қызметін тежейтін дәрілер органдардың функциясы қозғанда жақсы әсер етеді. Кейбір дәрілердің әсері организмнің патологиялық хал – жағдайына байланысты болады.
Мысалы: дененің қызуын төмендетін дәрілер, тек дене қызуы жоғарлағанда әсерін тигізеді. Жүрекке қолданылатын гликозидтер тек ауру жүректің жұмысын жақсартады, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет