Адиабаталық процесс деп – жүйе мен қоршаған орта арасында жылу алмасу болмаған процесті айтамыз (δQ=0).
Адиабаталық процеске барлық тез өтетін процестерді жатқызуға болады
( жылу алмасу болып үлгермейді ). Мысалы, дыбыстың ауада таралуы, ішкі жану двигателіндегі кеңею және қысылу циклі т.б.
Термодинамиканың бірінші бастауынан адиабаталық процесте δА = - d U
болады.
δА = pdV және d U = R Сv dТ формуласын пайдаланып, мынаны аламыз: pdV = - Сv dТ ( 1 )
Басқа жағынан қарасақ, pV = RT формуласынан мынау шығады: pdV + Vd Р = RdT ( 2 )
( 2 ) – ні ( 1 ) – ге бөлсек :
= = - немесе = - ,
мұндағы = - Пуассон коэффициенті.
PV = const
Осы теңдеуді интегралдасақ: lg V + lg P = lg const
Бұл адиабаталық процестің Пуассон теңдеуі береді.
Менделеев –Клапейрон pV = RT теңдеуін ТV -1 = const
Пайдаланып, мынаны аламыз: Т р1 - = const
Адиабаталық процестің диаграммасы - адиабата. Ол (P,V) координатасында гипербола болып сипатталынады. Адиабата ( PV = const ) изотермаға (PV = const )қарағанда қарағанда тіктеу болып келеді.Ол адиабаталық процесс кезінде 1 – 3 аралығында газ қысымының ұлғаюы – көлемнің азаюымен қатар температураның көтерілуімен түсіндіріледі.
35. Адиабаталық процестегі газдың жұмысы. Адиабаталық процесте δА =-d U, сондықтан δА = - Сv dТ.
Егер газ адиабаталық түрде V1- ден V2 көлеміне дейін ұлғайса, температурасы T1 –ден T2 - ге дейін азаяды, онда идеал газдың ұлғаю жұмысы
Т2 А = - Сv ∫ dТ = Сv ( Т1 - Т2 )
Т1 Бұдан Менделеев – Клапейронның PV = RT теңдеуін пайдаланып мынаны аламыз:
А = [1 - ( ) - 1 ] = [1 - ( ) - 1 ]
1-2 адиабаттың ұлғаю кезіндегі жұмыс (штрихталған аудан) изотермалық процестен кем. Себебі, адиабаттық ұлғаю кезінде газ температурасы төмендейді, ал изотермиялық ұлғаюда температура сырттан келетін эквивалентті жылу есебінен тұрақты күйде ұсталып тұрады.