Жалпы физика курсы



бет47/68
Дата18.10.2023
өлшемі1,97 Mb.
#117921
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
УМК 1 часть

31. Изохоралық процесс ( V = const ).
Бұл процестің диаграммасы - изохора. Ол ( P,V ) координатасында ордината осіне ( Р осі ) параллель жүргізілген түзу ретінде сипатталынады.

2 – 1 арасындағы процесс - изохоралық қызу, 2 – 3 арасындағы процесс - изохоралық салқындау.
Изохоралық процесс кезінде газ сыртқы денелердің үстінен жұмыс істемейді.
( δА = рdV = 0 ) және газға берілетін барлық жылу ішкі энергияның ұлғаюына жұмсалады (δQ = d U ).
d Uμ = Сv dТ болғандықтан, газдың кез-келген массасы үшін :
δQ = m/μ * Сv dТ болады.


32. Изобаралық процесс. ( Р = const ).
Бұл процестің диаграммасы - изобара. Ол ( PV ) координатасында абцисса осіне ( V осі ) параллель жүргізілген түзу ретінде сипатталынады.
Изобаралық процесте көлемнің V1 - ден V2 - ге ұлғаюы кезіндегі жұмыс мынаған тең: v2
А = ∫ pdV = p ( V2 – V1 ) және ол
V1
штрихталған тікбұрыштың ауданымен анықталынады.

рV = RT Клапейрон теңдеуін қолданып, мынаны аламыз:
V2 - V1 = ( T2 - T1), бұдан А = R ( T2 - T1 ).
Универсалды газ тұрақтысының физикалық мәні: R – 1K-ге қыздырғандағы идеал газдың 1 молінің изобаралық кеңею жұмысына тең.


33. Изотермиялық процесс ( T = const ).
Бұл процестің диаграммасы - изотерма. Ол ( P,V ) координата-сында гипербола ретінде сипатталынады. Изотермиялық процесс Бойль –Мариот заңымен сипатталынады. ( PV = const ).

Газдың изотермиялық кеңеюінің жұмысы
v2 v2
А = ∫ pdV = ∫ RT = RT ln = RT ln ;
V1 V1
T = const болғанда идеал газдың ішкі энергиясы өзгермейді, сонда термодинамиканың бірінші бастамасынан δQ = δА екені шығады, яғни, газға берілетін барлық жылу мөлшері сыртқы күштерге қарсы жұмыс жасауға жұмсалынады. Сондықтан, газдың ұлғаюы кезінде температура төмендемеу үшін, газға изотермиялық процесс кезінде эквивалентті ішкі ұлғаю жұмысының жылу мөлшерін беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет