(T > TK) жоғары температурада реал газдың изотермасының идеал газдың изотермасынан айырмашылығы көп емес.
Кризистік температура ТК температура кезінде–изотермасының К нүктесінде доға (қисаю нүктесі) пайда болады. Осы нүктеге сәйкес келетін VK көлем және РК қысым кризистік деп аталады. ТК кезіндегі изотерма кризистік изотерма деп аталады.
Т<ТК кезіндегі Ван-дер-Ваальс теңдеуі 1-2-3-4-5-6-7 қисыққа сәйекес келеді. (5-3 учаскесінде заттар аз қысымда болады). Бірақ 5-3 учаскесінде заттың қысылуы қысымның азаюымен өтеді, осы облыста заттар екі фазаға бөлінеді: сұйық және бу.
Фаза – жүйенің барлық бөлігінің бірдей химиялық құрамда және бірдей химиялық күйде болуы.
Реал газдың шын кризистік иозтермасының түрі мынадай болады: 1-2-6-7- заттың газ күйінің (Г) (6-7 учаскесінде) үздіксіз сұйыққа (Ж) (участок 2-1) ауысуы. 6-2 учаскесі сұйық пен газдың тепе-теңдігіне сай келеді.
Газ күйіндегі заттар температура критикалық температурадан аз кезінде бу деп аталады (П), ал өзінің сұйықтығымен тепе-теңдік кезіндегі бу қаныққан бу деп аталады (Ж+П). Изотермалық қысылу кезінде газ сұйыққа айналады.
Т>TK температура кезіндегі газ сұйыққа айналуы мүмкін емес, қандай қысымда болмасын. 5-6 және 2-3-метатұрақты күйлер, 2-3-аса қызған сұйық, 5-6-аса қаныққан бу.
51. Реал газдың ішкі энергиясы.
Реалдық газдың ішкі энергиясы (CvT) жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясынан және молекулааралық әсерлесудің потенциалдық энергиясынан (-a /Vμ) тұрады: Uμ=CvT- a/Vμ . Егер газ қоршаған ортамен жылу алмасусыз ұлғайса (адибатикалық dQ=0) және жұмыс істемесе (ваккумдағы газдың ұлғаюы dA=0 ) бірінші термодинамикалық бастаудан
(dq=(U2-U1)+ da) болады, бұдан: U1=U2