Нүктелік ақаулар кристалдардың жақын орналасқан реттілігін бұзады.
Сызықтық ақаулар алыс реттілікті бұзады. Сызықтық ақаулардың аса маңызды болып табылатыны ішінде дислокация – сызықты ақаулар, олар атомдық жазықтықтың дұрыс алма-кезегін бұзады
60. Қатты денелердің жылу сыйымдылығы.
Идеал кристалдық торды қарастырамыз, онда түйіндердегі бөлшектер материалдық нүктелер ретінде, үш өзара перпендикулярлық бағытта (үш тербелістер, олар kT энергиямен қамтамасызданады) орналасқан және тербелісте болады.
Қатты денедегі молдің ішкі энергиясы Uμ=3NА kТ=3RT, мұндағы NА – Авогадро саны, R- молярлық газ тұрақтысы.
Қатты дененің мольдік жылусыйымдылығы:
Бұл Дюлонг және Пти заңы – химиялық жай денелердің мольдік жылу сыйымдылығы кристалдық күйде бірдей (3R-ге тең) және температураға тәуелді емес.
Егер қатты дене химиялық қосылыс болып табылса (мысалы NaCl), онда молдегі бөлшектер саны nNА , мұндағы n – молекуладағы атом саны (NaCl үшін молдегі бөлшек саны 2NА – ға тең, өйткені NaCl – дың бір молінде NА NА атомы және NА CL атомы бар).
Қатты химиялық қосылыстардың молярлы жылусыйымдылығы :
61. Агрегаттық күйдің өзгерісі.
Сұйықтарда да, қатты денелерде де басқа молекулалардың тартылыс күшіне қарсы тұратын және сұйықтың немесе қатты дененің бетін тастап шыға алатын молекулалар бар. Мұндай процесс сұйықтықтар үшін булану, қатты дене үшін балқу деп аталады. Конденсация дегеніміз заттың газдалған түрінен сұйықтыққа айналуы.
Егер бірлік уақытта сұйықтықты тастайтын молекулалардың саны будан сұйықтыққа ауысатын молекулалардың санына тең болса, онда осы кезде булану мен конденсация арасында динамикалық тепе- теңдік пайда болады. Бу өзінің сұйық түрімен тепе – теңдікте болса, қаныққан деп аталады.
Балқу дегеніміз заттың кристалды түрінен сұйықтыққа айналуы.
Балқу белгілі бір ішкі қысым әсерінен болады, балқу температурасы - Тбалқ. .
Балқу процесінде затқа кететін жылу Q, кристалдық торды ыдырату жұмысына кетеді, сондықтан да барлық кристалдың балқуы үшін Тбалқ. = const (сурет а)
1 кг затты балқыту үшін қажет L жылу мөлшері меншікті балқу жылуы деп аталады.
Егер сұйықтықты салқындатса процесс керсінше болады. (сурет (б), Q/ - кристалдану кезінде дене берген жылу мөлшері) : алдымен сұйықтықтың температурасы төмендейді, содан соң бірқалыпты Тбалқ. температурасында кристалдану басталады.
Заттың кристалдануы үшін зат құрайтын кішкене кристалдар- кристалдану орталығы болуы қажет. Егер таза сұйықта кристалдану орталығы болмаса, онда ол кристалдану температурасынан кіші температураға дейін салқындатылады, ол аса салқындатылған сұйық болып табылады. Аморфты денелер аса салқындатылған сұйықтарға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |