Жалпы физика курсы


Лабораториялық жұмыстар бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет33/68
Дата02.05.2023
өлшемі1,97 Mb.
#89207
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Лабораториялық жұмыстар бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. Көшеров Т.С., Мұсабаев А.А., Беркімбаева Г.Р. Жалпы физика курсына арналған лабораториялық практикум. Алматы: “Қазақ университеті”, 2006 ж. 1, 2, 3, бөлімдер.

  2. Жалпы физика курсының “Механика және молекулалық физика” бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар. /Құрастырғандар: О.Жүзеев, Б.Сәрсенбаев. Алматы, 1991 ж.

  3. Жалпы физикалық практикум: Механика. Молекулалық физика. Оқу құралы./ С.И.Исатаев: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Алматы: Қаз. Университеті 2004 ж.

Студенттер жоғарыда берілген виртуалдық лабораториялық жұмыстардың тізбесінен физиканың әр бөліміне сай бір-бір лабораториялық жұмысты орындап, берілген үлгіге қарап, есеп ретінде тапсырып, сынақ алуы керек.


Берілген үй тапсырмаларын вариантына сай (25 есеп) және 5 лабораториялық жұмысты тапсырып сынақ алғаннан кейін тест сұрақтарына жауап беруге рұқсат алынады. Дайындық ретінде тест сұрақтарын мына әдебиеттен алуға болады: Воронин А. М., Воронин А. А., Шынықұлова Г.Н. “Жалпы физика курсына арналған тест сұрақтары”


§7. Механика бөлімі бойынша өз бетінше дайындық ретінде
берілген тест сұрақтары.

1. Нүкте қозғалысының кинематикалық теңдеуін көрсетіңіз:


A) x = x(t), y = y(t), z = z(t); B) S = vt, v = const;
C) ω = dφ/dt = const; φ = ωt; D) m = m1m2/(m1 + m2);
E) W = Wк + Wп = const; df/dt = L/(mr2).

2. an нормаль үдеуді не сипаттайды:


A) Жылдамдықтың шамасының өзгеруі;
B) Жылдамдықтың бағытының өзгеруі;
C) Бұрыштық жылдамдықтың өзгеруі;
D) Траекторияның қисықтық радиусының өзгеруі;
E) Тангенсиал үдеудің өзгеруі.

3. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыста қай өрнек дұрыс:


A) S = vt, v = const; B) v = v0 + at, S = v0t + at2/2;
C) ω = dφ/dt = const; φ = ωt; D) m = m1m2/(m1 + m2);
E) W = Wк + Wп = const; df/dt = L/(mr2).

4. Нүктенің сызықтық жылдамдығы мен бұрыштық жылдамдығы арасындағы байланысты көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

5. Материалдық нүктенің қисықтық қозғалыстағы толық үдеуін көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

6. Нормаль және тангенсиал үдеулердің бағытын көрсетіңіз:


A) Бір-біріне перпендикуляр;
B) Қозғалыс траекториясына жанама;
C) Шеңбердің центріне қарай радиуспен;
D) Бір-біріне параллель;
E) Жердің центріне бағытталған.

7. Бұрыштық жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсетіңіз:


A) м/с; B) км/сағ; C) рад/с; D) рад/с2; E) рад.

8. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан вагон жылдамдығын азай­тып, 20 с-тан кейін тоқтайды. Вагонның үдеуін табыңыз:


A) 0,5 м/c2; B) –1,8 м/c2; C) –0,5 м/c2; D) 2 м/c2; E) 36 м/c2.

9. Радиусы 5 м диск 60 айн/мин жиілікпен айналып тұр. Дисктің шетіндегі нүктенің жылдамдығын табу керек:


A) 300 айн/с; B) 300 м/с; C) 10π м/с; D) 12π м/с; E) 60 м/с.

10. Диаметрі 5 м дөңгелек 10 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналып тұр. Дөңгелектің шетіндегі нүктенің сызықтық жылдамдығын табыңыз:


A) 25 м/с; B) 50 м/с; C) 50 рад/с; D) 2 м/с; E) 10 м/с.

11. Дененің уақыт бойынша жүрген жолының теңдеуі . Дененің 2 с уақыттан кейінгі жылдамдығын табыңыз:


A) 40 м/с; B) 20 м/с; C) 25 м/с; D) 2 м/с; E) 0 м/с.

12. Дененің бұрыштық жылдамдығының уақыт бойынша қозғалысының тең­деуі . 2 с уақыттан кейінгі бұрыштық үдеуді табыңыз:


A) 2 рад/с2; B) 2 м/с2; C) 10 рад/с2; D) 20 м/с2; E) 0 м/с2.

13. Дененің уақыт бойынша қозғалған жолының теңдеуі , мұндағы А = 1 м/с, В = 2 м/с2. Дененің 5 с-тан кейінгі жылдамдығын табыңыз:


A) 4 м/с; B) 21 м/с; C) 55 м/с; D) 10 км/сағ; E) 50 м/с.

14. Центрге тартқыш үдеу мына теңдеумен берілген . Жердің айналуына сәйкес, экватордағы дененің центрге тартқыш үдеуі неге тең екен­дігін табыңыз. Мұндағы Т = 1 тәулік = 8,64·104 с, R = RЖ = 6370 км = 6,37·106 м:


A) 0,076 м/c2; B) 0,015 м/с2; C) 0,034 м/с2; D) 0,068 м/с2; E) 3,36 м/с2.

15. Желдеткіштің валы n = 5 айн/с жиілікпен айналады. Валдың бұрыштық жылдамдығын табыңыз:


A) 31,4 рад/с; B) 5 айн/с; C) 5 рад/с; D) 5 м/с; E)  рад/с.

16. Егер денедегі күштер теңессе, онда дене қалай қозғалады:


A) Бірқалыпты түзу сызықты; B) Бірқалыпты айналмалы;
C) Түзу сызықты, үдемелі; D) Кемімелі;
E) Бұл жағдайда қозғалыс болмайды.

17. Ілгерлемелі қозғалыс үшін динамиканың негізгі теңдеуін көрсетіңіз:


A) F = –F; B) F = mg; C) a = F/m; D)  = M/J; E) S = vt.

18. Айналмалы қозғалыс үшін динамиканың негізгі заңын көрсетіңіз:


A) F = ma; B) F = mg; C) a = F/m; D)  = M/J; E)  = t.

19. Дененің импульсын анықтайтын теңдеуді көрсетіңіз:


A) F = –F; B) g = 9,8 м/с2; C) p = mv; D) P = F/S; E) P = mg.

20. Импульстің сақталу заңын көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .

21. Механикалық энергияның сақталу заңын көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .

22. Импульс моментінің сақталу заңын көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .

23. Сұйықтардың үзіліссіздік теңдеуін көрсетіңіз:


A) ρvS = const; B) ; C) ;
D) ; E) .

24. Торричелли формуласын көрсетіңіз:


A) ρvdS = const; B) ; C) ;
D) ; E) .

25. Мариоттың ыдысы не үшін қолданылады:


A) Сұйықтарды сақтау үшін;
B) Сұйықтардың көлемін өлшеу үшін;
C) Сұйықтардың тұрақты жылдамдықпен ағуы үшін;
D) Динамикалық тұтқырлығын анықтау үшін;
E) Кинематикалық тұтқырлығын анықтау үшін.

26. Сұйықтардың ағысы үшін энергияның сақталу заңын көрсетіңіз (Бернулли теңдеуі):


A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .
27. Дененің инерция моментін анықтайтын формуланы көрсетіңіз (Штейнер теоремасы):
A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .

28. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын анықтайтын формуланы көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .

29. Бірінші космостық жылдамдықтың мәнін көрсетіңіз:


A) 12,2 км/с; B) 7,9 км/с; C) 5,6 км/с; D) 16 км/с; E) 19 км/с.

30. Ілгерлемелі қозғалыстың жұмысын анықтайтын теңдеуді көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

31. Айналмалы қозғалыстың жұмысын табыңыз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

32. Қай физикалық шаманың өлшемі, күш моментінің өлшемімен сәйкес келеді:


A) Инерция моменті; B) Жұмыс; C) Импульс;
D) Қысым; E) Күш.

33. Қандай физикалық шаманың өлшемі, энергияның өлшемімен сәйкес келеді:


A) Инерция моменті; B) Күш моменті; C) Импульс;
D) Қысым; E) Күш.

34. Дененің ілгерлемелі қозғалысының кинетикалық энергиясын анықтайтын формуланы көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

35. Айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясының формуласын көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

36. Күш моментін анықтайтын формуланы көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

37. Кориолис күшін анықтайтын формуланы көрсетіңіз:


A) F = ma; B) Fk = mv2/2; C) Fk = 2m[v'ω]; D) F = P/v; E) F = Gl/h.

38. Гироскоп прецессияның бұрыштық жылдамдығын сипаттайтын формуланы көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

39. Гармониялық тербелістерге жатпайтын теңдеуді көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .

40. Амплитудасы 2 см, периоды 4 с және бастапқы фазасы π/3 болатын гармо­ниялық тербелістің теңдеуін көрсетіңіз:


A) ; B) ;
C) ; D) ; E) .

41. Тербелмелі контурдың өшетін тербелісінің теңдеуін көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .

42. Физикалық маятниктің еріксіз тербелісінің дифференциалдық теңдеуін көр­сетіңіз:


A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .

43. Көлденең дыбыстық толқындар қандай ортада тарала алмайды:


A) Ауа; B) Вакуум; C) Су; D) Металл; E) Изолятор.

44. Толқындардың таралу жылдамдығын қандай формуламен анықтауға болады:


A) v = S/t; B) v = v0 + at; C) ν = /T; D) k = 2/; E) v = ωR.
45. Математикалық маятниктің тербеліс периодын көрсетіңіз:
A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

46. Серіппелік маятниктің тербеліс периодын көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

47. Физикалық маятниктің тербеліс периодын көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

48. Конустық маятниктің тербеліс периодын көрсетіңіз:


A) ; B) ; C) ; D) ; E) .

49. Радиусы 10 см және массасы 800 г диск өз осімен айналып тұр. Дисктің инерция моментін табыңыз:


A) 16 г·м2; B) 8 г·м2; C) 80 г·м2; D) 4 г·м2; E) 40 г·м2.

50. Ұзындығы 50 см және массасы 480 г жіңішке стержень, ортасынан перпен­дикуляр өткен ось бойымен айналып тұр. Стерженнің инерция моментін табыңыз:


A) 120 г·м2; B) 60 г·м2; C) 10 г·м2; D) 30 г·м2; E) 40 г·м2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет