14-есеп. M және N антигендер жүйесі бойынша қан топтары (M, MN, N) L M және L N кодоминантты гендермен анықталады. АҚШ –тың ақ тұрғындарында LM генінің кездесу жиілігі 54 %, үндістерде –78 %, Герландия эскимостарында – 91 %, австриялық аборигендерде – 18 % құрайды. Осы популяциялардың әр қайсысында MN қан тобының кездесу жиілігін анықтаңыз.
15-есеп. Амниоцентез нәтижесiнде алынған сұйықтықта 3 жыныс хромосомалары бар клеткалар табылған. Қандай ауруды болжауға болады? Бұл екi қабаттылықты үзуге себеп бола алады ма ?
16-есеп. Сан мөлшерi үлкен популяциядаға дальтонизм генiнiң (рецессивтi, Х-хромосомамен тiркескен) еркектер арасындағы жиiлiгi 0,08 болады. Осы популяциядағы доминантты гомозиготалардың, гетерозиготалардың, рецессивтi гомозигота генотиптерiнiң әйелдерде кездесу жиiлiгiн анықтаңыз.
17-есеп. Артық хромосомалары бар ұрықтар бөлшектену кезінде тірі қалады, бірақ олардың көпшілігі бөлшектену біткенен соң өледі. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады?
18-есеп.Д-витаминiне төзiмдi (гипофосфатемия) рахит-тұқымқуалайтын ауру, Х-хромосомада орналасқан доминантты генмен анықталады. Әкесi осы аурумен ауыратын, ал шешесi сау отбасында 3 қыз және 3 ұл бар. Олардың арасында қаншасы ауру болуы мүмкiн?
19-есеп. Келтiрiлген белгiлердiң қайсылары аутосомды-рецессивтi тұқым қуалау типiн сипатайды ?
а) ауру әйелдерде және еркектерде бiрдей жиiлiкте кездеседi;
б) ауру ата-аналардан балаларға ұрпақ сайын берiледi;
в) ауру әкенiң барлық қыздары ауырады;
г) ата-аналары қандық туыстар;
д) ауру баланың ата-аналары сау
20-есеп. Келтiрiлген белгiлердiң қайсылары аутосомды-доминантты тұқым қуалау типiн сипаттайды ?
а) ауру әйелдерде жқне еркектерде бiрдей жиiлiкте кездеседi;
б) ауру ата-аналардан балаларға ұрпақ сайын берiледi;
в) ауру әкенiң барлық қыздары ауырады;
г) ауру ұлына әкесiнен ешуақытта берiлмейдi;
д) ауру баланың ата-аналары сау ?