Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет71/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
21-есеп. Келтiрiлген белгiлердiң қайсылары доминантты, Х-хромосомамен тiркес тұқым қуалау типiн сипаттайды ?
а) ауру әйелдерде және еркектерде бiрдей жиiлiкте кездеседi;
б) ауру ата-аналардан балаларға ұрпақ сайын берiледi;
в) ауру қкенiң барлық қыздары ауырады;
г) ата-аналары қандық туыстар;
д) анасы ауру болса, ауру балалардың туылу мүмкiндiгi 50% (жынысқа байланыссыз) ?
22-есеп. Медико-генетикалық консультацияға қаралған 14-шi аптадағы екiқабат қйелдiң қанында  - фентопротеиннiң мөлшерi қалыптағыдан өте жоғары болған. Дәрiгер генетиктiң тактикасы қандай болуы керек ?
23-есеп. Пробанд-денi сау әйел. Оның әпкесi сау, екi iнiсi- дальтонизммен ауру. Пробандтың әкесi жқне шешесi сау. Пробандтың шешесiнiң төрт әпкесi және күйеулерi сау. Пробандтың шешесi жағындағы бөлелерi туралы белгiлi: бiр отбасында бiр ауру ұл, екi қыз және бiр сау ұл; келесi екi отбасында- бiр-бiреуден ауру ұл және бiр-бiреуден сау қыз бар; төртiншi отбасында -бiр сау қыз. Пробандың шешесi жағындағы әжесi сау, атасы-дальтоник. Әкесi жағындағы туыстарында дальтонизм байқалмаған. Шежiре құрастырыңыз:
а) бұл патологияның тұқым қуалау типiн және мүмкiн болса, шежiредегi адамдардың генотиптерiн анықтаңыз;
б) пробандта дальтонизммен ауру балалардың туу мүмкiндiгi қандай, егер ол денi сау ер адамға тұрмысқа шықса ?
в) дәрiгер-генетика пробандқа қандай кеңес беруi керек ?
24-есеп. Адамда аяқ саусақтары арасындағы жарғақтың болу аномалиясы сипатталған. Аяқ саусақтары қалыпты әйел мен жарғағы бар еркектiң некесiнен үш бала туылады: қызы қалыпты, ал ұлдарының аномалиялары болды. Бiр ұлының қалыпты әйелмен некесiнен қалыпты саусақтары бар 6-қызы және 4 аномалиялы ұлдары болды.
Шежiре құрастырыңыз және анықтаңыз:
а) тұқым қуалау типiн;
б) аномалиясы бар баланың туылу мүмкiндiгi қандай, егер немересi денi сау әйелге үйленсе ?
в) бұл аномалияны туғанға дейiн анықтайтын (пренатальдық диагностика) қандай әдiстер бар ?
25-есеп. Пробанд-Дюшен миопатиясымен (қаңқа бұлшық еттерiнiң атрофиясы) ауру ұл. Ата-аналарынан жиналған мәлiмет бойынша; ата-аналары және пробандтың екi қарындасы сау. Әкесi жағынан пробандтың екi ағасы, әпкесi, атасы және әжесi сау. Ағасынан туылған жиен қарындасы және әпкесiнен туылған жиен iнiсi-сау. Пробандтың шешесi жағынан екi нағашы ағасының бiреуi миопатиямен ауру. Екiншi (сау) нағашысының екi денi сау ұлы және қызы болды. Пробандың нағашы әпкесiнiң ауру ұлы болды. Атасы және әжесi-сау. Шежiре құрастырыңыз. Анықтаңыз :
а) тұқым қуалау типiн жқне шежiредегi адамдардың генотиптерiн;
б) егер пробанд әкесi Дюшен миопатиясымен ауру денi сау әйелге үйленсе, ауру балалардың туылу мүмкiндiгi қандай ?
в) бұл ауруды анықтайтын қандай пренатальдық әдiстер бар ?
г) дәрiгер-генетик қандай кеңес беруi керек ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет