Геоинформатиканегіздері Геоинформатика - картография мен географияның теориясы және әдістерінің көмегімен қолданбалы математика, информатика және компьютерлік мүмкіндіктерінің өзара байланысуы нәтижесінде қалыптасып жатқан жаңа ғылым саласы.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономиканы цифрлық форматқа көшіру деңгейі бойынша 85 елдің ішінен 50-орынды иеленді.
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ ) дегеніміз географиялық мәліметтер мен нысандарды тиімді жағдайда енгізу сақтау, өңдеу, талдау, жаңарту және визуализация жасауды ұйымдастыратын бағдарламалар мен аппараттардың жиынтығы.
«Геоинформатика» термині үш сөздің жиынтығынан тұрады: география, информатика және автоматика. Геоинформатика бұл арнаулы технология (ГАЖ-технология), қажетті акпараттарды жинақтау, сақтау, өндеу және тарату сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сондай-ақ геожүйелердегі инвентаризация, оптимизация, басқару және ұштастыру сияқты іс-шаралар мен міндеттерді де шешуге атсалысады.
Халықаралық қоршаған ортаны жүйелі қорғау институтының(Environment System Research Institute ESRI) өнімдері болып табылатын ARC/INFO, ArcView сияқты бағдарламалар бүгінде бүкіл әлемге әйгілі.
ГАЖ жүйесіндегі мәліметтер кез келген аумақты оқып-үйренудегі басты компонент болып табылады. ГАЖ-дың мәліметтері екі типті болып келеді:
1. Кеңістіктік (географиялық) мәліметтер географиялық нысандар- дың орны мен пішінін және олардың өзара байланысын сипаттайды.
2. Сипаттамалық (атрибуттық. кестелік) мәліметтер географиялық нысандардың сандар мен мәтіндерден тұратын сипаттамалары.
Бұл екі мәлімет жиынтығы ГАЖ-дың бағдарламасында жинақталады, ARC-те географиялық, ал INFO-да сипаттамалық мәліметтер беріліп, олардың бір-бірімен байланысы да қарастырылады.
Аппараттық құралдар - ГАЖ жобаларды жүзеге асырушы негіз. Оған, ең алдымен, ГАЖ жүзеге асатын компьютерлер (платформа), олардың көмекші құралдары ARC INFO бағдарламалары мен Интернет торы жатады.
ГАЖ-дың атқаратын төрт негізгі қызметі бар, олар: жинақтау, өңдеу, үлгілеу, талдау және шешім шығару. Ол үдерістің жүзеге асуы мынадай ретпен жүреді:
Геоақпараттық жүйелерді дамытудың бірнеше ұтымды жолдары бар. Бірінші ұтымды жолы құрылымдарында жергілікті компьютерлік жүйелерді (Интранет) құру. Екінші жолы Интернет жүйесініңдамуына тікелей қатысты.