Дүниежүзілік мұхит мәселелері
Адамзаттың қарқынды әрекеті өз тарапынан Дүниежүзілік мұхиттың ғаламдық мәселелерінің туындауына себепші болып отыр, оған дәлел мұхит суының ластануы мен оның биологиялық өнімділігінің төмендеуі.
Дүниежүзілік мұхит суларын ластаушы заттарды эколог-ғалымдар мынадай 4 топқа жіктейді.
Әсіресе мұхит суларының ластануына материктік қайраңдардың мұнайөндіру мен оны тасымалдау себепші болуда.
Бүгінгі таңда мұнай өнімдерімен аса қатты ластанған аудандарға Солтүстік, Балтық. Кариб, Жерорта теңіздерімен Парсы шығанағы жағалауы жатады. Лас суларды көп әкелетін өзендер қатарына Рейн, Дунай, Сена, Тибр, Миссисипи, Огайо, Еділ, Днепр, Днестр, Дон, Ніл және Ганг өзендері жатады.
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған аса маңызды мәселенің бірі Дүниежүзілік мұхит суларын қорғау және оның табиғат байлықтарын мейлінше тиімді пайдалану. БҰҰ-ның теңіз құқы жөніндегі 1982 жылы қабылдаған «Теніздер хартиясы» деп атаған Конвенциясынын манызы өте зор. Ол жағалаудан 200 теңіз милі экономикалық аймағын белгілеп, ондағы жағалық мемлекеттердің де мұхиттың биологиялық және минералдық қорларын пайдалануға құқы бар екенін айқындап берді.
Геоглобалистика
XX ғасырдың екінші жартысында ғаламдық мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылым саласын глобалистика деп атай бастады. Глобалистикалық зерттеулер «ғаламдық тұрғыда ойлау жергілікті жерде әрекет ету» дегенді ұстанады. Оның құрамында XX ғасырдың 80-жылдарында ғаламдық география немесе геоглобалистика саласы қалыптасты. Ғалымдар геоглобалистиканың қалыптасуына мынадай факторлар ықпал еткен деп есептейді.
Геоглобалистикалық зерттеулердің қазіргі дүниенің ғаламдық өзгерістері мен мәселелерін зерттеуіндегі бірнеше бағытын ажыратуға болады .
Қазіргі заманғы геоглобалистикалык зерттеулер бірнеше деңгейде (ғаламдық, аймақтық және мемлекеттік) жүргізіледі.
Геоглобалистика гылымдар тоғысында зерттеулер жүргізеді. Бұл ірі халықаралық ғылыми бағдарламалар бойынша зерттеулер жүргізу барысында одан әрі дамыды.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |