Тарихи геология - жер қыртысының өзгерiсiн уақыт бағдары мен кеңiстiкке зерттейдi, органикалық өмiрдiң дамуын жер қыртысының дамуымен бiрге байланыстырып көрсетедi
22. метаморфты та ужыныстары. Құрамы және құрылымы.
Метаморфты тау жыныстары магмалық,шөгінділік және бұрын болған метаморфты тау жыныстарынан жоғары температура мен қысым әсерінен жердің терең қойнауларында өзгеруінен пайда болады
23. Үгілу және оның топырақ түзудегі маңызы.
Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетінде қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте – бірте қирап, бұзылып қопсыған жыныстарға айналады. Бұл құбылысты үгілу деп атайды.
Жер бетiндегi немесе әлде оған таяу арада орналасқан тау жыныстары, экзогендiк үрдiстерi әсерiнен болатын құбылысты үгiлу деп атайды.
Үгiлу тау жыныстарынан топырақтың пайда болуына әсер етедi, көмек көрсетедi және сол үрдiстiң ең маңыздыларының бiрi болып саналады
24. Элювий және үгілу қабығы. Үгілудің сатылық және аймақтық ерекшеліктері.
Элювий – үгілуден жаралған тау жыныстарының шөгіуінен қалыптасқан борпылдақ түзілімдер. Элювий әр түрлі жыныс кесектері мен қырлы, үшкір бөлшектерінің іріктелмеген, қабаттастығы байқалмайтын мех. қоспасы болып саналады және біртіндеп түпкі тау жыныстарына ауысады. Құрамына қарай Элювий сазды, құмды, қиыршықтасты, жақпартасты болып ажыратылады. Элювий жер бедері біршама тегіс жазық аймақтарда мол жиылады.
25. шөгінді тау жыныстары, олардың жіктелуі.
Шөгінді тау жыныстары басқа жыныстардың үгілуінен және сол үгінділердің су құбырлары түбінде немесе жер бетінде жинақталуы арқасында пайда болады.
26. Физикалық үгілу, оның топырақ түзудегі маңызы.
Физикалық үгілу ауа температурасының өзгеруіне байланысты жүреді. Күндіз күн көзінен тау жыныстары қатты қызады, ал түнде керісінше, қатты суынады. Соның нәтижесінде олардың көлемі бірде үлкейіп , бірде кішірейіп өзгеріп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |