Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер : температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар жатады.
Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әртүрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суд, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады.
Биологиялық үгілу – қатты тау жыныстарынан қопсыған,ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Әдетте физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де әртүрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге тіпті мұхиттарға қосылып шөгінді жыныстарға айналады. Топырақ түзуге негізгі алты фактор : ауа – райы, тау жынысы жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жәндіктер, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш күші қажет
37. Балшықты жыныстар, олардың түрлері, негізгі өнімдері, балшықтың қасиеті, пайдалану.
Балшық — көбінесе сазды минералдардан тұратын және кышқылға төзімді материалдар, қыш, т.б өндіруде қолданылатын шәгінді тау жыныстары. Ақ балшық және пластикалық балшық болып бөлінеді.Балшықтың 7 түсі бар: ақ, көк, жасыл, сары, қызыл, сұржәне қоңыр.
Қара түстісі өте сирек кездеседі. Әдетте халық медицинасында аурудың тұрғылықты жерінде өндірілетін балшық қолданылады. Ғылыми медицинада ақ және көк балшықтарға басымдылық беріледі.
Ақ балшықты коалин деп атайды. Оның құрамында кремнезем, цинк және магний көп.
Жасыл балшықта – мыс, темір және кейбір микроэлементтер басым болады. Мыс шашты нығайтуға қатысып, ағзаның қартаюын анықтайды. Сондықтан егер қарттықты уақытынан бұрын сезінгіңіз келмесе, ағзаңызда оның жеткілікті болуын қадағалауыңыз керек.
Сары балшық – темір мен калийге, қызыл балшық темірдің қоспаларына бай. Әсіресе, темір маңызды болып табылады. Өйткені ол қанның құрамында болады. Ол жетіспеген жағдайда қан аздық, соның салдарынан әлсіздік, жігерсіздік, ұстамсыздық пайда болады. Оның қорын толықтыруға жасыл балшық көмектеседі. Оны тек су ерітіндісі ретінде ғана емес, бірінші және екінші тамаққа сеуіп пайдалануға болады. Осылайша сіз және сіздің жақындарыңыз оның ағзаңызға қалай түскенін де, қалай емдік әсерін беріп жатқанын да байқамай қаласыз.
Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік көк балшықтан табуға болады. Ол әмбебап болып есептеледі әрі барлық балшықтардан артық бағаланады. Патшалық заманда көк балшықты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған.
Дәрігерлер мен емшілер бұл балшықпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар көк балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды.
Балшықтың қай-қайсысы да өзінше жақсы. Мысалы, ақ балшық ағзадан қалдықтарды жақсы шығарады, жақсы сорып, антисептикалық әсер береді. Көк түсті балшықтар қабынуға қарсы жақсы құрал. Ол ткандердері зат алмасу процестерін жақсартып, қан айналысының белсенділігін
арттырады. Сары балшық та қабынуға қарсы және ауруды басатын жақсы құрал болып табылады.
Ол ағзадан уытты заттарды шығарып, теріні оттегімен қоректендіреді.
Қызыл балшық – анемия, қаназдық және қан тамыры жүйесінің басқа ауруларында таптырмас құрал. Ол терінің қан айналысын жақсартып, иммунитетті нығайтады. Ал сұр балшық – теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады. Бірақ бәрінен пайдалысы жасыл балшықболып табылады. Ол өте сирек кездеседі, бірақ балшықтың басқа түрлеріне қарағанда, әлдеқайда күшті болып саналады.
Бұл балшық жүрек жұмысын тұрақтандырып, ағзаның сыртқы әсерлерге қарсылығын күшейтеді.
Жасыл балшық ежелден бар ауруды емдеуші болып есептеледі. Бұл қазіргі кезге дейін расталып келед
38. Жайылманың құрылымы. Жайылмаларды халқшаруашылығындағы маңызы.
Жайылма (Пойма) – шабындықты терраса, өзен аңғарының едәуір тегіс келген, қазіргі заман шөгінділері жапқан, тасқын немесе су тасу кезінде оқтын-оқтын су басатын бөлігі.
Өзен бойында орналасқандықтан, сол өзендердің жылдық режімдеріне тікелей байланысты.
Әдетте, көпшілік өзен бойындағы экожүйелер көктем, кейбір жылдары жаз айларында су тасыған кездерде су астында қалып, олардың бетіне сумен келген шөгінді жыныстар жиналады.
Топырақтары әр түрлі қабатты, аллювийлі шымдышалғынды. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгендіктен, бұл экожүйелер жақсы өнім береді. Көбінде шабындық, ретінде, ал кейбір жағдайларда бақша егістері үшін пайдаланылады
39. Топырақтың жел эрозиясы, оның таралуы, себептері, топырақты жел эрозиясынан қорғау.
Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады. Тіпті шөл аймақтарындағы құмды алқаптардың шөп өспейтін бөліктері жел әсерінен бір орыннан екінші орынға жиі жылжып отырады. Оларды жылжымалы құмдар деп атайды. Топырақ бетінде өсімдік жақсы өскен алқаптар жел эрозиясына ұшырай бермейді. Өсімдік тамырлары топырақтың беткі қабатын бекітіп ұстап тұрады, өскіндері жауын суының біразын өздеріне сіңіріп, қалғанын жер астына өткізеді, ал екпе ағаштар қар тоқтатуға және олардың топырақ бетінде біркелкі таралуына септігін тигізеді, желдің күшін азайтады, т.б. Ал бұл жерлерді кәдімгі қайырмалы соқамен жыртып, топырақтың майда ұнтақталған бос қабаты жер бетіне шыққан кезде олар желдің еркіне беріліп ұшады.
Осындай жағдай тың игеру кезінде Қазақстанның солт. Аймақтарында кең өріс алған. Табиғаттың бұл апатымен күресуде акад. А.И. Бараев басшылық еткен Қазақ астық шаруашылығы ғылымизерттеу институты жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін жасалған жүйенің негізінде топырақты бұрынғыдай қайырмалы соқамен жыртудың орнына
қайырмасыз етіп жыртып, терең қопсыту ұсынылған. Сонда топырақта өскен дақыл сабақтары топырақ бетінде қалып, қыста қар тоқтатуға, желдің күшін төмендетуге септігін тигізеді. Ең бастысы бос топырақ жер бетіне шықпай, біршама тереңдікте жатады. Жел эрозиясына жиірек ұшырайтын алқаптар жайылымдық жерлерде, топырағы жұқа шөл белдемдерінде кездеседі.
Себебі шөл белдемдерінде өсімдіктер сирек өседі әрі жақсы дамымаған, сондықтан бұзылуға өте бейім топырақ түзіледі. Мал жиі жайылатын елді мекендер немесе мал суаратын пункттердің төңірегіндегі топырақ та жиі бұзылып, шаңы шығып, желге ұшады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін ауыспалы жайылымдық жүйеге көшу қажет
40. Эндогенді және экзогенді құбылымдар. Олардың энергия көздері.
41. Беткі ағын суларының геологиялық іс-әрекеті.
Тау беткейлерінде жиі кездесетін әр түрлі ой-шұңқырларға атмосфералық су қалдықтары жиналады. Олар асып төгіліп төмен қарай сарқылады. Тау беткейін құрайтын жыныстар эрозиялық шайылу әрекеттеріне ұшырайды. Соның нәтижесінде жыралар пайда болады “Регрессиялық эрозия” заңдылығы бойынша, алғашқы жыра беткейді бойлап, жоғарылап өсе береді. Жыраның көлденең қимасы V тәрізді болып келеді. Одан ары қарай жыра біртіндеп тереңдей түседі. Оның сағасы аңғардың деңгейіне дейін жетеді. Жыраның бұл деңгейі “эрозия базисі”деп аталады. Жыра эрозия базисінен төмен тереңдей алмайды. Соған байланысты оның түбінің көлденең қимасы тегістеле түсіп, біртіндеп кеңейе келе U тәрізді пішін қалыптасады.Мұндай жыраның беткейлері біртіндеп құлай келе, шөгінді жыныстарға тола бастайды, сөйтіп ең соңында сайға айналады.Егер жыраның түбі жер асты суларының деңгейіне дейін жетсе, үздіксіз ағып жататын жылға пайда болады. Бұл жағдай жыраның одан әрі тереңдеуіне себепші болады да, ақырында өзен аңғарына айналады. Жыралар халық шаруашылығына елеулі нұқсан келтіреді.
Пайдаланылатын жерлердің біразын істен шығарады. Жыралардың пайда болуына қарсы алдын ала күрес жүргізуге болады. Ол үшін беткейлерін жыртпау керек.Атмосфералық жауын-шашын, жер бетіндегі ағын сулар жер бедерін үздіксіз өзгертіп отырады, яғни соның әсерінен жер бетінің бедері үнемі өзгеріп тұрады. Ағын сулар жер бетінің еңістігін қуалай қозғала отырып, бір-бірімен қосыла келе иірмелерге, олар көбейе келе жіңішке жылғашаларға, бірнеше жылғашалар бірбірімен қосылып жылғаларға айналады. Олар ең соңында өзендер құрайды. Ағын сулар, жолындағы борпылдақ жыныстарды оп-оңай шайып әкетеді де, өзен арнасы қалыптасады.
42. Вулкандардың таралуы, олардың түрлері. Вулканнан кейінгі құбылымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |