3. Проблемалық әдіс арқылы оқыту – толыққанды білімді
қалыптастыру жолы
Өзінің болашақта қарқынды дамуы үшін және дамыған елдер қатарына
кіруі үшін біздің еліміз өзінің материалдық әлеуетін ғана емес, зияткерлік
әлеуетін де жаңғыртуға қабілетті адамдарға мұқтаж. Мектеп немесе
университет түлегі өз бетінше ойлай білуі, нақты әлемде пайда болған
қиындықтарды көре білуі және оларды тиімді шешу жолдарын іздеуі,
олардың алған білімін қайда және қалай қолдануға болатынын нақты түсінуі
тиіс. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі білім алушылардың алдында рухани
құндылықты тапсырмаларды қою және шешу барысында ақпаратпен өз
бетінше жұмыс істеудің шығармашылық ізденушілік дағдыларын меңгеру
міндетін қояды. Сондықтан да мұғалімдер мен оқытушылардың алдында
білім алушыны қажетті білім құралдарымен қалай қаруландыру керек деген
сұрақ тұруы тиіс.
Проблемалық оқыту проблемалық жағдайлар жасау арқылы білім
алушылардың ойлау және мінез-құлық механизмдерін қосуды ұйымдастыру
бойынша педагогтың мақсатты іс-әрекетін қамтамасыз ететін тәсілдер жүйесі
болып табылады.Бүгінгі білім берудің негізгі міндеттері – білім алушыны
белгіленген білім жиынтығымен қаруландыру ғана емес, оның өмір бойы
оқу, командада жұмыс істеу, рефлексивті өзін-өзі ұйымдастыру негізінде
өзін-өзі өзгерту және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру. Аталған
дағдыларды қалыптастыруда кез-келген білім беру үдерісінде проблемалық
оқыту технологиясы маңызды рөл атқарады. Бұл технологияның өзектілігі
оқу қызметіне мотивацияның жоғары деңгейін дамытумен, оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын белсендірумен анықталады, бұл туындаған
қайшылықтарды шешу, сабақта проблемалық жағдайларды жасау кезінде
мүмкін болады. Оқушылардың жан-жақты қиындықтарын жеңуде жаңа
білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін, іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге
деген үнемі қажеттілік туындайды.Проблемалық оқыту әдістері білім
алушылардың эмоционалдық саласына да оң әсер етеді, балалардың
коммуникативтік қабілеттерін дамыту, олардың даралығын және
шығармашылық ойлауын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Сонымен
қатар, мәселелерді көре білу, сұрақтар қою, гипотеза қою, ұғымдарға
анықтама беру, бақылау және эксперимент жүргізу, қорытынды және ой-
пікірлер жасау, материалды жіктеу және құрылымдау, мәтінмен жұмыс істеу,
өз идеяларын дәлелдеу және қорғау, өз бетінше танымдық іс-әрекетке
қабілеттілік, тез өзгеретін әлемде табысты болу және т.б. сияқты білім беру
нәтижелеріне қол жеткізуге әкеледі.
Кез-келген адам баласы өзінің өмір сүру барысында өз алдына өткір
және кезек күттірмейтін міндеттер мен мәселелерді қояды. Мұндай
проблемалардың, қиындықтардың, күтпеген жағдайлардың пайда болуы бізді
қоршаған ортада әлі де белгісіз, жасырын нәрселердің бар екенін білдіреді.
Демек, әлемді тереңірек тану, ондағы барлық жаңа жағдайларды және жаңа
үдерістерді танып білу мен өз кәсібіндегі күтпеген жағдайларды шешуде
проблемалық оқытудың маңызы өте зор деп айту болады. Сондықтан уақыт
талабына сай бағдарламалар мен оқулықтар қалай өзгерсе де, білім
алушылардың шығармашылық және ізденушілік дағдыларын қалыптастыру
бүгінгі білім беру ұйымдарының негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек.
Проблемалық оқытудың негізін американдық психолог, философ және
педагог Дж. Дьюи (1859-1952) құрды, ол 1894 жылы Чикагоның практикалық
мектебінде оқыту негізін оқу жоспарымен емес, ойындар мен еңбек қызметін
құру арқылы жүзеге асырды. Осы мектепте қолданылған оқытудың әдістері,
тәсілдері, жаңа принциптері теориялық тұрғыдан негізделмеген және
тұжырымдама түрінде тұжырымдалмаған болса да ХХ ғасырдың 20-30
жылдары кеңінен тарады.
КСРО-да да проблемалық оқыту қолданыла бастады, олар тіпті
революциялық ретінде қаралған, бірақ 1932 жылы аталған әдісті егжей-
тегжей білетін педагогтардың болмауына байланысты қолданыстан алынып
тасталды. Проблемалық оқыту тұжырымдамасының қағидаттық ережелерін
әзірлеуге Т.В. Кудрявцев, В.Т. Кудрявцев, И.Я. Лернер, А.М. Матюшкин,
М.И. Махмутов, В. Оконь, М.Н. Скаткин және басқалар белсене қатысты.
Проблемалы оқыту схемасы келесі процедуралардың реттілігі ретінде
ұсынылады: оқытушының оқу-проблемалық міндет қоюы, оқушылар үшін
проблемалық жағдай туындату; туындаған проблеманы түбегейлі түсіну,
қабылдау және шешу, оның барысында олар жаңа білім алудың жалпыланған
тәсілдерін меңгереді; нақты тапсырмалар жүйесін шешу үшін осы тәсілдерді
қолданады.Теория оқушының шығармашылық қызметін ынталандыру және
зерттеу іс-әрекеті процесінде оған көмек көрсету қажеттілігі туралы тезис
жариялайды және оқу материалын арнайы түрде қалыптастыру және баяндау
арқылы жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды. Теорияның негізін білім
алушылардың шығармашылық қызметін проблемалық тұжырымдалған
тапсырмаларды қою және белсендендіру арқылы, соның есебінен олардың
танымдық қызығушылығын және де барлық танымдық іс-әрекетін пайдалану
идеясы құрайды.
Проблемалық оқыту деп әдетте оқу мақсатында дәйекті түрде
құрылатын проблемалық жағдайларды шешу түрінде өтетін оқыту түсініледі.
Психологиялық тұрғыдан алғанда проблемалық жағдай туындаған немесе
ұсынылған міндетті шешу үшін қажетті білімдердің арасында
сәйкессіздіктен, келіспеуден туындайтын анық ұғынылған қиындық болып
табылады. Проблемалық оқытудың психологиялық негізі ретінде С.Л.
Рубинштейн «ойлау проблемалық жағдайдан басталады» деген
тұжырымдама берген. Қиындықтардың сипатын, бар білімнің
жеткіліксіздігін ұғыну жаңа білімді, іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін іздеуде
тұрған оны жеңу жолдарын, ал іздеу-шығармашылық ойлау процесінің
компонентін ашады. Мұндай белгісіздік және іздеу қажеттілігі туындамаса,
демек, шығармашылық ойлау да жоқ. Осылайша, қиын жағдай туындамайды,
яғни ойлаудың да қажеттілігі болмайды. Проблемалық оқыту бар білімнің
жеткіліксіздігінен пайда болуы тиіс және бұл жетіспеушілікті оқушылар
түсінуі тиіс. Алайда, кез келген проблемалық жағдай ойлау процесін
туғызбайды. Атап айтқанда, проблемалық жағдайды шешу жолдарын іздеу
білім алушылар үшін қол жетімсіз болса немесе олардың шамасы келмейтін
болғанда ойлау пайда болмайды. Сондықтан проблемалық оқытуды
ұйымдастыруда берілетін тапсырма білім алушының шамасына қарай берілуі
қажет екенін ескеру өте маңызды.Мұғалім проблемалық жағдай жасайды,
оқушыларды оны шешуге бағыттайды және шешімін іздеуді ұйымдастырады.
Осылайша, бала өзінің оқыту позициясына айналады және оның нәтижесі
ретінде жаңа білім қалыптасады, ол іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгереді.
Проблемалық оқытуды басқарудың қиындығы проблемалық жағдайдың
туындауы - жеке акт болып табылады, сондықтан мұғалімнен
дифференциалды және жеке тәсілді қолдану талап етіледі.
Проблемалық жағдаятты мұғалім ерекше әдістемелік тәсілдерді
қолдану арқылы арнайы жасайды:
- мұғалім оқушыларды қарама-қайшылыққа итермелейді және оларға оны
шешу жолын табуды ұсынады;
- бір сұраққа түрлі көзқарас туындатады;
- класқа құбылыстың әртүрлі жақтарынан қарауды ұсынады;
- білім алушыларды салыстырма, қорыту жасауға, жағдаяттағы фактілерді
талдауға ынталандырады;
- нақты сұрақтар қояды (жалпылауға, негіздеуге, нақтылауға, ойлау
логикасына);
- проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды;
- проблемалық міндеттерді қояды (жеткіліксіз немесе артық деректері
бар; мәселені қоюдағы белгісіздікпен; қарама-қайшы деректермен;
жіберілген қателіктері бар деректермен; шешу уақыты шектеулі; психикалық
инерцияны жеңуге және т.б.).
Педагогикада проблемалық оқытудың үш негізгі түрі бар:
Достарыңызбен бөлісу: |