«жалпы химия» курсын қашықТЫҚтан оқыту үшін moodle платформасын тиімді пайдалану шарттарын анықтау



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата09.06.2022
өлшемі0,86 Mb.
#36602
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Таганова Айдана литературный обзор

1. Проблемалық баяндау. Дәрістің монологиялық режимінде немесе 
семинардың диалогтық режимінде оқу материалын проблемалық баяндау. 
Оқу материалын лекцияда проблемалық баяндау мұғалімнің (оқытушының) 
проблемалық мәселелерді, проблемалық жағ қоюды және оларды шешуді 
іздестіруді көздейді; бұл ретте оқушылар тек қана шешім іздеу процесіне 
ойша енгізіледі. Мысалы, "өсімдіктер өмірі туралы" дәрісінің басында: "неге 
тамыр мен сабақ қарама-қарсы жаққа, яғни тамыр төмен, ал сабақ жоғары 
өседі?" деген мәселе қойылады. Мұнда мұғалім дайын жауап бермейді, 
ғылыми ізденістің мәнін ашады, гипотезаларды және алынған нәтижелерді 
тексеру үшін жасалған гипотезалар мен тәжірибелер туралы хабарлайды. 
Әдістегі баяндау формаларына проблемалық дәріс, әңгіме және әңгімелесу 
жатқызылады. 
Проблемалық баяндау немесе проблемалық мазмұндау әдісі 
орындаушылық қызметтен шығармашылық қызметке көшу болып табылады. 
Оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар проблемалық міндеттерді өз 
бетінше шеше алмайтын жағдайда болады, сондықтан мұғалім проблеманы 
басынан аяғына дейін шешілу жолын баяндайды. Оқушылар мұндай оқыту 
әдісі кезінде қатысушылар емес, бақылаушылар бола отырып, олар 
зияткерлік қиындықтарды шешу үшін белгілі бір білімдер алады. 
2. Ішінара-ізденіс. Экспериментті орындау кезіндегі, зертханалық 
жұмыстарда; проблемалық семинарлар, эвристикалық әңгімелер 
барысындағы ішінара-іздестіру әрекеті. Мұғалім проблемалық сұрақтар 
жүйесін ойлайды, оларға жауаптары бар білім базасына сүйенеді, бірақ бұл 
ретте бұрынғы білімдерінде қамтылмаған, яғни сұрақтар оқушылардың 
зияткерлік қиындықтарын туғызуы және ойлана отырып ізденуіне ықпал етуі 
тиіс. Педагог мүмкін болатын "жанама кеңестер" және жетекші сұрақтар 
ойлап табуы керек. 
Оқытудың ішінара-іздеу (эвристикалық) әдісінің мәні оның келесі 
сипатты белгілерінде көрсетіледі: 
1) оқушыларға білім "дайын" түрде ұсынылмайды, оларды өз бетінше алу 
керек; 
2) мұғалім білімді хабарлау немесе баяндау емес, проблемалық міндеттердің 
көмегімен жаңа білімді іздеуді ұйымдастырады; 
3) оқушылар мұғалімнің басшылығымен өз бетінше ойлайды, пайда болатын 
танымдық міндеттерді шешеді, проблемалық жағдайларды жасайды. 


Өз бетінше зерттеу қызметі. Оқушылар проблеманы өз бетінше 
тұжырымдап, оны ары қарай (шығармашылық міндеттерді шешу, жобаларды 
әзірлеу және қорғау, курстық немесе дипломдық жұмыстар) мұғалімнің 
(оқытушының) бақылауымен шешетін, өз бетінше зерттеу қызметі, бұл 
төртінші деңгейдегі өнімді қызметті–шығармашылықты, сондай-ақ ең тиімді 
және берік "білім-трансформацияның" төртінші деңгейін қамтамасыз етеді. 
Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылықпен меңгеруді қарастырады. 
Оның кемшіліктері сол, онда мұғалімдер мен оқушылардың көп уақыты мен 
үлкен күш-жігерін талап етеді. Проблемалық әдістің бұл түрін қолдану 
педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейін талап етеді. 
Проблемалық дәріс. Проблемалық дәрістің ерекшелігі оны оқу 
процесінде пікірталастық жағдайды, қандай да бір міндеттерді шешудің 
әртүрлі нұсқаларын ұсынуында, сондай-ақ білім алушыларды қойылған 
мәселелерді белсенді талқылауға және бірлескен шешімдер қабылдауға 
тартуда. Проблемалы дәрістің міндеті – берілген материалды 
конспектілеуден айыру және білім алушыларды белсенді танымдық қызметке 
тарту. Сондықтан, дәріс барысында қойылған проблемалық сұрақтар 
оқытушының өзі арқылы түсіндірілмеуі қажет, ал ол сұрақтарды шешу және 
талқылау білім алушының өз бетімін жүзеге асырылғаны дұрыс. 
Проблемалық дәріс қарама-қайшылық түрінде болатын күрделіліктен тұруы 
шарт, сонымен қатар ол тек бір ғана фактіні ғана емес, материалдың кең 
ауқымын қамтуы, құбылысты талдауды ынталандыру керек (ойлау, 
салыстыру, іздеу); ғылым логикасына жауап беру ғана емес, сонымен қатар 
оқушылар үшін қызықты болу, оларды диалог пен ойлау қызметіне тарту 
керек. Проблемалық сұраққа жауап беру үшін бұрын алынған білім 
жеткіліксіз ол жаңа білімге және материалды терең ұғыну қажеттілігін 
тудырады. Проблемалық мәселені шешудің әртүрлі қырларын табу, 
жауаптардың әртүрлі нұсқаларын салыстыру және тереңдету нәтижесінде 
оның проблемалық жағдайда дамуы орын алады. Проблемалық дәрісте 
уақыттың тапшылығы проблеманы жан-жақты талқылау мүмкіндігін 
шектейді. Сондықтан оқу кезінде оқытушы проблеманы қойып, оны шешуге 
қысқаша кіріспе жасап, ал білім алушылармен проблеманы талқылау үрдісі 
практикалық немесе семинарлық сабақтарға көшірілгені өнімді болып 
табылады. Осылайша білім алушыға проблемалық жағдайды шешуге кең 
мүмкіндік беріледі. 
Проблемалық дәрісті дайындау кезеңдері: 
1. Дәрістің негізгі материалдарын іріктеу және талдау, мәселені шешуге 
әртүрлі көзқарасты талқылау. Проблемалық зерттеу үшін білім алушылардың 
өз бетінше анықталуы мүмкін себеп-салдарлық байланыстары бар 


материалды алған дұрыс. Егер олардың алдына міндетті қойса, онда бұл 
мәселеге тез қызығушылық тудырады. 
2. Негізгі мәселелерді қалыптастыру және оларды проблемалық 
жағдайға айналдыру жолдарын ойластыру. Бұл ретте проблеманың 
күрделілік деңгейін, білім алушылардың дайындығы мен танымдық 
мүмкіндіктерін ескеру қажет. 
3. Проблемалық жағдайды шешу әдістемесін таңдау. 
4. Дәрістік материалмен түпкілікті жұмыс жасау және оқушылардың 
ойлауы мен жұмысын жандандыру тәсілдерінің табыстылығын болжау. 
Проблемалық дәрісті өткізу кезеңдері: 
1. Дәріс тақырыбы, мақсаты мен міндеттерін жариялау. 
2. Проблемалық мәселені қою және диалог ұйымдастыру, 
бейтараптықты сақтай отырып, оқушылардың түрлі көзқарастарын анықтауға 
көмек көрсету. Қажет болған жағдайда оқытушы проблемалық жағдайды 
талдауға және шешуге ықпал ететін барынша көп сұрақтар қояды. 
3. Пікірталастың шебер режиссурасы: оқытушы «қолдаймын» және 
«қарсымын» ауысып отыруын қадағалайды. Егер дәлелдер тек бір 
көзқарастың пайдасына берілсе, онда проблемалық жағдайдың бұзылуы 
орын алады. 
4. Дұрыс емес ұғымды уақтылы және дұрыс теріске шығару, пікірді дәл 
тұжырымдауға көмек көрсету. 
5. Жауаптың әртүрлі нұсқаларын жалпылап салыстыру, құбылыстың 
диалектикалық күрделілігіне баса назар аудару, қажет болған жағдайда 
материалды проблемалық баяндау, қорытынды шығару. 
Пікірталассыз проблемалық дәріс жүргізу мүмкін. Ол кезде оқытушы 
өзі проблемалы материалды баяндайды, риторикалық сұрақтар, әр түрлі 
бағалардың, фактілердің, пікірлердің қақтығыстары арқылы әңгімелеуді 
барынша диалогтайды. Бұл ретте ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін, күрделі 
құбылыстарды диалектикалық тану логикасы мен әдістемесін көрсетеді, 
студентті мәселенің шешімін табу бойынша ойлау іс-әрекетіне тартады. 
Проблемалық дәріс күрделі оқу материалын түсінуге және есте 
сақтауға мүмкіндік береді, құбылыстарға жүйелі көзқарасты дамытуға ықпал 
етеді, білім алушылардың ойлау концепциясын қалыптастырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет