1-кесте. Moodle платформасының статистикалық дерегі.
Курстың сыртқы көрінісі. Курстың сыртқы көрінісі екі бөлікке бөлінуі
мүмкін: блоктар және курстың негізгі мазмұны.
Блок - жүйенің жекелеген функционалды элементтері, курспен және
оқытушылармен оқушыларға белсенді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Блоктың жиынтығын қолданып, әрбір мұғалім өзіне ұнайтын орынды
ұйымдастыра алады. Сондықтан, әр курстағы блоктың саны мен
тәртібі
өзгеше болуы мүмкін. Блоктарды оң немесе сол жаққа орналастыруға
болады.
Курстың негізгі мазмұны бөлімдерге бөлінеді (тақырыптар). Курстың
бөлімі - курстың ресурстары мен элементтерінен тұратын оқу-жаттығу
фрагменті. Курс нөлдік секциядан және тақырыптық бөлімдерден тұрады.
Нөлдік бөлім әдетте жалпы курсқа қатысты жалпы ресурстар мен курс
элементтерін қамтиды: курс
сипаттамасы, форумдар, чаттар, жиынтық
сынақтар мен тапсырмалар, жалпы глоссарий және т.б. Ол әрқашан
тақырыптық бөлімдерден жоғары орналасқан. Тақырыптық бөлімдер оқу
курсының жеке тақырыптары болып табылады.
Тақырыптарды оқып үйренуді оқытушы анықтайды. Ағымдағы бөлік
түспен бөлектеледі.
Тақырыптық бөлімдер тақырыпқа ие (тақырып атауы) және ресурстар
мен курс элементтерімен толтырылады. Курста ресурстардың ерікті көлемі
(веб-беттер, файлдарға
сілтемелер, каталогтар) және курс элементтерінің
ерікті саны (дәрістер, сауалнамалар, тесттер, тапсырмалар және т.б.) болуы
мүмкін.
Курстың ресурстары.Курста бірнеше типті ресурстар болуы мүмкін.
Курстың ресурстары тақырыпты зерттеуге қажетті материалдарға
сілтемелерді қамтиды.
Курстың негізгі ресурстары:
•
Мәтін беті
• Веб-бет
• Файлға және веб-бетке сілтеме
•
Файл каталогына сілтеме
Moodle кез-келген электрондық мазмұнды көрсетеді: MS Office
файлдары (Word, PowerPoint, т.б.), мультимедиалық файлдар (бейне, флэш
және т.б.).