Кіріс
|
Кг
|
м3
|
Шығыс
|
кг
|
м3
|
1 құрғақ колчедан
2колчедан ылғалы
3 құрғақ ауа:
O2
N2
4 ауа ылғалы
|
960
40
2704
629
2075
23,6
|
-
-
2100
441
1659
29,3
|
1 тұқыл
2 пеш газы:
- Н2О
|
703
3025,7
820
7,1
60
2075
63,6
|
-
1869
287
2
42 1650 79
|
Жиыны:
|
3727,6
|
2129,3
|
Жиыны:
|
3728,7
|
2068
|
Баланстың қателігі
Бақылау тапсырмаларының нұсқалары
Нұсқа 1
1 Химиялық өндірістің жалпы технологиялық құрылымын, химиялық өндірістің тиімділігін бағалаудың сапалық және сандық критерийлерін сипаттау.
2 Термиялық фосфор қышқылының алу әдістерін атап шығу және салыстыру. Термиялық фосфор қышқылын екісатылы әдіспен өндірудің технологиялық схемасын бейнелеу.
3 Диэтилді эфирді өндіруге қажетті 76%-ті С2Н5ОН және Nа-дің шығын коэффициенттерін есептеу қажет. С2Н5ОNa шығуы теориялық мүмкіннің 90%-не, ал бромэтанның этанолдан шығуы 89%-ке тең. Есептеуді эфирдің 500 кг-на жүргізу керек.
4 Натрий гидроксидімен нейтралдау реакциясына қажетті, құрамында 70% НСООН бар құмырсқа қышқылының ерітіндісінің шығын коэффициентін есептеу керек. Құмырсқа қышқылының өзгеру дәрежесі 47%. Есептеуді дайын өнімнің 5 тоннасына жүргізу керек.
5 Құрамында (%масс.): СаС2 – 75%; СаО – 19%; С – 6% бар техникалық карбид кальцийі өндірісінің материалды балансын құрастыру керек. Өндірісте 92,7% СаО-дан тұратын әк және келесі құрамды кокс (%масс.): күл – 5%; ұшатын қосылыстар – 5%; ылғал – 5% қолданылады. Есептеуді техникалық өнімнің 1 тоннасына жүргізу керек.
6 Құрамында 45% толық жанатын күкірт бар колчеданды күйдіруде тұқыл шығуын есептеу керек.
Нұсқа 2
1 Химиялық өндірістің жалпы технологиялық құрылымын, жалпы функцияларын, химиялық өндірістің негізгі технологиялық компоненттерін сипаттау.
2 Күкірт диоксидің және үшоксидінің, күкірт қышқылының және олеумның қасиеттерін сипаттау. Күкірт қышқылының сорттары, оны сақтау және тасымалдау. Күкірт қышықылын өндіруге қажетті күкіртқұрамды шикізат түрлерін сипаттау.
3 4 тонна бензол алуға қажетті ацетиленнің және келесі құрамды: Н2 – 96%; О2 – 0,91%; N2 – 3,09% сутекті газдың шығын коэффициенттерін есептеу қажет. Ацетиленнің өзгеру дәрежесі 72%, этиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 61%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 73%.
4 Фосфор қышықылының 782 кг-ын алу үшін фосфор оксидінің (V) және судың шығынын анықтау қажет. Оксидтің өзгеру дәрежесі 76%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 71%.
5 Келесі құрамды (%масс.): СО – 48%; Н2 – 12%; N2 – 40% генератор газының 1000 тоннасын алу процесінің материалды балансын құрастыру қажет. Қоңыр көмірде 68% көміртек бар. Ауаның құрамы (%об.): О2 – 21%; N2 – 79% деп аламыз.
6 Пеш бөлімшесінен 1 сағатта шығарылатын тұқылдың мөлшерін анықтау қажет. Күкіртқышқылды зауыттың пеш бөлімшесі, әр қайсысы тәулігіне 200 т колчедан өндіретін, ҚҚ (қайнайтын қабат) пештерінен тұрады. Күйдіруге, құрамында 43% S (құрғаққа есептегенде) бар колчедан алынады. Пештен шығатын тұқылдың құрамында 1% S бар.
Нұсқа 3
1 Химиялық өндірістің шикізат көздерін сипаттау. Өндіріс қалдықтарының екіншілік материалдық ресурстар ретінде қолдану мысалдарын келтіру. Перспективалы және альтернативтік шикізат көздері.
2 Күкірт қышқылын колчеданнан жанамалы әдіспен өндірудің химиялық және құрылымдық схемасын сипаттау.
3 Цинк гидроксидін алу үшін Zn және 98% Н2SО4-тің шығын коэффициенттерін есептеу қажет. Күкірт қышқылының өзгеру дәрежесі 79%, цинк сульфатының шығуы теориялық мүмкіннен 86%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 91%. Есептеуді гидроксидтің 597 кг-на орындау қажет.
4 Құрамында 10% қоспалар бар, әк тасты күйдірген кезде шығатын көміртек оксидінің (ІІ) көлемін анықтау қажет. Әк тас шығыны 500 тонна. Өзгеру дәрежесі 86%.
5 8 т ацетиленді келесі құрамды кальций карбидінен (%масс.):
СаС2 – 83%;
СаО – 14%;
С – 3%.
өндірудің материалды балансын есептеу қажет. Кальций карбидінің өзгеру дәрежесі 81%.
6 Құрамында 86,8% CaSO4 бар ангидриттің, қуаттылығы жылына 150.000 тонна моногидрат болатын цехта, күкірт қышқылына дейін өңдеудегі сағаттық шығынын есептеу қажет. Жыл ішіндегі жұмыс күндері 350, бүкіл процестегі күкіртті қолдану коэффициенті – 90%.
Нұсқа 4
1 Химиялық өндірістің шикізат көздерін сипаттау. Химия-технологиялық процесте шикізатты дайындау әдістерін сипаттау. Флотация әдісі.
2 Флотациялық колчеданды күйдірудің физика-химиялық негіздерін сипаттау. Колчеданды сақтау және күйдіруге дайындау. Колчеданды күйдіретін пештердің құрылысын сипаттау.
3 Азот қышқылын өндіруде оттегінің (О2 –21%, N2 – 79%) және келесі құрамды аммиактың: NН3 – 17%, N2 – 11%, Н2 –72% шығын коэффициенттері мен массалық құрамдарын есептеу қажет. Реакцияға 97% аммиак қатысады, NО-ның шығуы теориялық мүмкіннен 77%, ал дайын өнімнің шығуы 17%. Есептеуді азот қышқылының 1572 кг-на орындау қажет.
4 Н2SО4-ті нейтралдауға қажетті, құрамында 10% NаОН бар ерітіндінің шығын коэффициентін есептеу қажет. Сілтінің өзгеру дәрежесі 58%. Есептеуді Nа2SO4-тің 7,3 тоннасына орындау қажет.
5 5,5 тонна ацетиленді келесі құрамды табиғи газдан (%об.):
СН4 – 93%;
С2Н6 – 4%;
С3Н8 – 1%;
N2 – 2%.
өндірудің материалды балансын құрастыру қажет. Метанның өзгеру дәрежесі 85%.
6 Жинағыштағы моногидраттың мөлшерін анықтау қажет. Диаметрі 3 м вертикалды цилиндртәрізді жинағыш 1,5 м-ге 92 %-ті күкірт қышқылымен толтырылған. 20 °С-дағы 92 %-ті қышқылдың тығыздығы 1824 кг/м3.
Нұсқа 5
1 Химия-технологиялық процестердің жұмыс жағдайлары бойынша,реакция түрі бойынша, әрекеттесетін заттардың күйлері бойынша жіктелуін сипаттау.
2 Колчеданды күйдіретін пештерді, колчеданды пештерге беретін және тұқылды шығаратын құрылғыларды сипаттау. Тұқылды қолдану. ҚҚ пешінің сызбасын орындау.
3 540 кг күкірт қышқылын өндірудегі, құрамында 78% FeS2 және ауа (О2 – 21%, N2 – 79%) бар пирит шығынын есептеу қажет. SО2-нің шығуы теориялық мүмкіннен 15%. SО3-тің өзгеру дәрежесі – 50%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 70%.
4 Аммоний нитратының 5 тоннасын алу үшін қажетті аммиак және азот қышқылының шығын коэффициенттерін анықтау қажет, егер аммиактың өзгеру дәрежесі 49% болса, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 74% болса.
5 Этилен тотығын этиленді ауамен тура каталикалық тотықтырумен өндірудің материалды балансын құрастыру қажет. Алғашқы газдық қоспаның құрамы (%об.):
Этиленнің тотығу дәрежесі 0,5. Есептеуді этилен тотығының 1 тоннасына орындау қажет.
6 Құрамында 85% H2S және 4% (об.) Н2О бар күкіртсутекті газды жаққан кезде алынатын газ құрамын анықтау қажет. Жанғышқа берілетін ауа мөлшері газдың он еселенген көлеміне тең. Ауада 1,5% (об.) Н2О бар.
Нұсқа 6
1 Өнеркәсіптік су дайындаудың технологиялық схемасын сипаттау. Судың шикізат және өндірістің қосалқы компоненті ретінде болуы. Су көздері.
2 Күкірт қышқылын өндіруде күйдіретін газды шаңнан, шашырандылардан және тұманнан механикалық және электрлік тазарту негіздерін сипаттау. Қолданылатын аппараттардың эскиздерін орындау.
3 Аммиактың 1470 кг-ын өндіруде су буы мен, құрамында 76% метан бар, табиғи газдың шығынын есептеу қажет. СН4-тің өзгеру дәрежесі – 81%, сутектің шығуы теориялық мүмкіннен 70%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 81%.
4 NаОН-ты нейтралдауға қажетті 10%-ті Н2SO4-тің шығын коэффициентін есептеу қажет. Күкірт қышқылының өзгеру дәрежесі 71%. Есептеуді Nа2SO4-тің 1 тоннасына орындау қажет.
5 Метанолдың формальдегидке дейінгі каталикалық тотығуын жүргізетін реакторының материалды балансын құрастыру қажет. Метанолдың спиртті- ауа қоспасындағы мөлшері 15% об. Метанолдың өзгеру дәрежесі 70%. Есептеді 1,5 т дайын өнімге есептеу қажет.
6 Колчеданды жаққанда алынған күйдіргіш газдағы күкірт қостотығының максималды мөлшерін есептеу қажет, егер пешке келетін ауаның түгел оттегі күйдіруге жұмсалған болса.
Нұсқа 7
1 Энергетикалық ресурстардың жалпы сипаттамасын және жіктелуін көрсету. Энерготехнологиялық комбинациялау мен шикізаттың энергетикалық потенциалын және экзотермиялық реакциялардың жылуын қолдану әдістерін сипаттау. Екіншілік энергоресурстар (ЕЭР).
2 SO2-нің SO3-ке дейінгі каталикалық тотығуының физика-химиялық негіздерін сипаттау. Процестің катализаторлары. Жанама аппараттар. Катализатор қабаты ілінген болатын жанама аппараттардың сызбасын көрсету.
3 Келесі құрамды метанолды өндіруде: СН3ОН – 93%, Н2О – 6%, қоспалар 1% қолданылатын ауаның (О2 –21%, N2 – 79%) және келесі құрамды табиғи газдың: СН4 – 98%, N2 – 2% шығын коэффициентерін есептеу қажет. Метанның конверсиялану дәрежесі 87%, метанолдың шығуы теориялық мүмкіннен 15%.
4 Темір кенінен (Fe2O3) алуға болатын, құрамында 95% темір бар, шойынның мөлшерін анықтау қажет. Кеннің шығыны 5 тонна, ал кеннің өзгеру дәрежесі 61%.
5 5 тонна кәдімгі шыны өндірудің материалды балансын құрастыру қажет. Әк таста 10% қоспалар бар, келесі құрамды сода (%масс.): Nа2СО3 – 93%; NаНСО3 - 6% қолданылады; басқа қоспалар – 1%. Сода мен әк тастың өзгеру дәрежелері 81% және 85%. Есептеу үшін кварцты құм қоспаларсыз деп аламыз. Кәдімгі шыны өндірісінде шикізат ретінде кварцты құм, сода және әк тас қолданылады.
6 Колчеданды шаңтүрлі күйдіретін пештің диаметрі 4,2 м, биіктігі 8 м, ал интенсивтігі 1000 кг/(м3*сут), пештің өнімділігін есептеу қажет.
Нұсқа 8
1 Химиялық өндірісті химия-технологиялық жүйе (ХТЖ) ретінде сипаттау. ХТЖ элементтерінің технологиялық байланыстарының түрлері, олардың қолданылуы және сипаттамасы. Тұйықтық технологиялық байланыстың блок-схемасының мысалын келтіру.
2 Күкірт қышқылы өндірісіндегі күкіртті ангидридті газдық қоспадан абсорбциялаудың физика-химиялық негіздерінің сипаттамасы. Процестің аппаратуралық безендірілуі.
3 Этанолдың 3,2 тоннасын өндіруге қажетті этан мен су буының шығын коэффициенттерін есептеу қажет. Этанның өзгеру дәрежесі 29%, этиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 85%, этанолдың шығуы теориялық мүмкіннен 41%. Дайын өнімнің құрамында 25% этанол бар.
4 Кальций карбонатынан алуға болатын, құрамында 80% СаО бар, күйдірілген әктің массасын анықтау қажет. Карбонат шығыны 810 кг. Кальций карбонатының өзгеру дәрежесі 76%.
5 Азот қышқылының 7,5 тоннасын өндірудің материалды балансын құрастыру қажет. Аммиакты-ауа қоспадағы аммиактың мөлшері 6%об. Аммиактың тотығу дәрежесі 97%.
6 Пештің интенсивтігін, немесе тәулігіне пештің астының 1 м2-да жағылатын колчеданның мөлшерін (45 %-ке қайта есептегенде) анықтау қажет, егер пештің негізгі астының ауданы 17,7 м2 болса. КС-200 (ҚҚ) пешінде 1 сағатта, құрамында 40% күкірт бар колчеданның 10 тоннасы жанады.
Нұсқа 9
1 Химия-технологиялық процестердің (ХТП) жіктелуі, ХТП-дің негізгі көрсеткіштері, олардың өзара байланысы. ХТП тиімділігін арттыру әдістері.
2 Күкірт қышқылын нитрозалы әдіспен өндірудің химиялық және құрылымдық схемасының сипаттамасы.
3 Күкірт қышқылының 1 тоннасында 40% S болғандағы колчедан шығынын есептеу қажет. Күкірт қышқылын өндіру кезінде S және SO2-нің жоғалулары 3%-тен болса, ал абсорбциялану дәрежесі 98%-ті құраса.
4 NaCl-ды алуға қажетті, құрамында 70% НСl бар газдың шығын коэффициентін есептеу қажет. Хлорсутектің өзгеру дәрежесі 65%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 43%-ті құрайды.
5 3,3т ТiО2 өндірісінің материалды балансын құрастыру қажет. Ильменитті кеннің құрамы (%масс.): FеТiО3 – 74%; Fe2О3 - 24%; басқа қоспалар – 2%. FеТiО3-дің өзгеру дәрежесі 77%. Өндірісте 76%-ті күкірт қышқылы қолданылады.
6 Пешке еңгізілген ауаның барлық оттегі күйдіруге жұмсалғандағы, колчеданды күйдіргенде алынған күйдіргіш газдың құрамындағы күкірт қостотығының максималды мөлшерін есептеу қажет. Ауа 50 %-тік артықшылықпен алынады.
Нұсқа 10
1 Гомогенді химиялық процестерді сипаттау, жүргізу жағдайларының және химиялық сипаттардың өзгеру жылдамдығына және дифференциалды талғамдыққа әсері.
2 Азот өнеркәсібінің қазіргі заманғы күйі мен даму перспективаларын сипаттау. Азот өнеркәсібінің шикізаты. Азотты фиксациялау әдістері.
3 Егер СаС2-нің өзгеру дәрежесі 75%, ацетиленнің шығуы теориялық мүмкіннен 71%, ал ацетальдегидтің шығуы теориялық мүмкіннен 69% болса, сонда 2 тонна ацетальдегид өндірісіндегі судың және құрамында СаС2 – 81%, СаО – 13%, С – 6% бар техникалық кальций карбидінің шығын коэффициенттерін есептеу қажет
4 2,4 тонна пириттен қанша тонна 98% Н2SО4-ті алуға болады. Пириттің өзгеру дәрежесі 71%.
5 Өндірісте құрамында 98,5% (масс.) – NaCl бар ас тұзы және құрамында 7% (масс.) қоспалар бар купорос майы қолданылатын, 3,4т Na2SO4-тің тұздық-сульфатты өндірісінің материалдық балансын құрастыру қажет. Тұздың және купорос майының ыдырау дәрежесі 91% және 85%.
6 Күкіртті жағатын пешке берілетін ауаның теориялық мөлшерін есептеу қажет. Күкірт қышқылын өндіруде шикізат ретінде келесі құрамды 1-ші сортты күкірт қолданылады: S – 99,6%; As – 0,01%; H2O – 0,2%; күл – 0,19 %. Күйдіретін газда 12% (об.) SO2 бар.
Нұсқа 11
1 Метан мен көміртек оксидінің атмосфералық қысымдағы бірлестерілген каталикалық конверсиясының технологиялық схемасын көрсету және сипаттау.
2 Технологиялық газдарды СО2-ден тазарту әдістерін сипаттау.
3 Егер оксидтің өзгеру дәрежесі 63%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 79% болса, сонда фосфор қышқылының 1 тоннасын алудағы фосфор оксиді (V) мен судың шығынын есептеу қажет.
4 Егер күкірт қышқылының өзгеру дәрежесі 81%, цинк сульфатының шығуы теориялық мүмкіннен 73%, ал дайын өнімнің шығуы теориялық мүмкіннен 69% болса, сонда цинк гидроксидін алуға қажетті Zn және 96% Н2SО4-тің шығын коэффициенттерін есептеу қажет. Есептеуді гидроксидтің 700 кг-на орындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |