«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет47/51
Дата27.11.2023
өлшемі280,68 Kb.
#129118
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар-emirsaba.org

48. Инженерлік энзимология – биотехнологиялық үрдістерді қарқынды жүргізу қажеттілігіне байланысты пайда болған жаңа ғылыми-техникалық бағыт.
Инженерлік энзимологияның міндеттері – жасушадан бөлініп алынған немесе онда орналасқан ферменттер мен полиферменттік жүйелердің негізіне “берілген қасиеттері” бар органикалық катализаторларды конструкцияландыру.
“Берілген қасиет” термині осы қасиеттердің алынған катализаторлардың практикалық қажеттіліктері, ферментативті үрдістерді жүргізу жағдайы, арнайылығы, қажетті өнімділігі және т.б мәселелерден туындағандығын білдіреді.
Иммобилизденген фермент дегеніміз-ерімейтін
биокатализаторлар, оларда ферменттер химиялық немесе
физикалық (адсорбция күшімен) түрде қандайда бір
тасмалдағышпен байланысқан, матрицаға немесе
микрокапсулаға бекітілген. Ферментті тасмалдағыштар немесе
матрицалар мүлдем ерімейтін, химиялық және биологиялық
тұрақтылығы мен ерекшеленетін, механикалық беріктігі жоғары
болуы тиіс. Иммобилизделген ферменттерді алу үшін полимерлі
тасымалдағыш негізіндегі табиғи (целлюлоза және оның
туындылары) және жасанды (полистирол, полиакриламид,
полиамид) полимерлер кеңінен қолданылады.Тасымалдағыш
ретінде сонымен қатар саңылауы бар шыныны, сазды,
силикагельді, мата, қағаз және т.б. материалдарды қолданады.
49. Амин қышқылдарының өндірісі. Амин қышқылдарының жіктелуі және олардың негізгі қасиеттері. Олардың медицинада қолданылуы.

Амин қышқылдары деп – карбон қышқылының молекуласындағы көмірсутегідегі сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстарды айтады.
Амин қышқылдарының физиологиялық маңызы өте зор, өйткені олардың қалдықтарынан ақуыздар құрылады және олардан ферменттер, витаминдер, гормондар түзіледі. Амин қышқылдарын көбінесе тривиалды (шығу тегі бойынша) атаумен айтады.
Мысалы: NH2СН2СООН – глицин. Сонымен қатар, амин қышқылдарын атау үшін сәйкес карбон қышқылының атына «амин» деген сөз қосып, амин тобының орнын грек алфавитімен көрсетіп атайды. Мысалы:



– аланин немесе α-аминпропион қышқылы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет