7. Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары. Шикізат деп өнеркәсіптік өнімдер өндіруде пайдаланатын табиғи материалдарды айтады.
Шикізат өндірістің экономикасын көрсететін, өндірілетін өнімнің технологиясы мен аппараттарының тандалуы мен сапасы тэуелді болып келетін өндірістің ең негізгі элементі болып табылады.
Химиялық өндірістің эр түрлі сатыларында мынадай материалдық объектілер орын алады: бастапқы зат (шикізат), аралық өнім (жартылай өнім), соңғы көзделген өнім (дайын өнім), жанама өнім жэне қалдықтар.
Жартылай өнім дегеніміз өндірістің бір не бірнеше сатыларынан өңдеуден өткен, бірақ дайын көзделген өнім есебінде түтынылмаған зат болып табылады. Өндірістің алдыңгы сатыларында жартылай өнім кейінгі сатылар үшін шикізат болуы мүмкін.
Жанама өнімдер деп өңдеу кездерінде көзделген өніммен қатар алынатын, бірақ берілген 120 өндірістің көздегеніне жатпайтын өнімдерді айтады.
Шикізатты қазғанда жэне байытқанда пайда болатын жанама өнімдер серіктес өнімдер деп аталады.
Өндіріс қалдықтары дегеніміз өндіріс кезінде пайда болатын өзінің қажетті сапасын толықтай немесе жартылай жоғалтқан шикізаттың, материалдардың және жартылай өнімдердің қалдықтары болып табылады.
Жартылай өнімдер, жанама өнімдер жэне өндіріс қалдықтары алдын ала өндеуден өткен соң басқа өндірістер үшін шикізат қатарында болуы мүмкін.
Химиялық өндірістің шикізаттарына тау-кен, мүнай, газ, коксхимия, орман жэне целлюлоза-қағаз өндірістерінің, қара жэне түсті металлургияның өнімдері жатады.
Химиялық шикізаттар
агрегаттық жағдайына қарай қатты, сұйық жэне газдық болып бөлінеді,
химиялық күйіне қарай бейорганикалық жэне органикалық,
қорының түріне қарай қалпына келетін жэне қалпына келмейтін,
тегіне қарай минералдық, өсімдіктік жэне жануарлық, сулық және ауалық болып бөлінеді.
Минералдық тегіне қарай шикізаттар қазбалық (рудалық), қазбалық емес жэне отындық болып бөлінеді.
Химиялық шикізат және де біріншілік жэне екіншілік болып бөлінеді.
Біріншілік шикізаттарға табиғи көздерден алынған шикізаттар,
екіншілікке аралық, жанама жэне қалдықтар жатады. Тұрмыстық тұтынудан қалған қалдықтарды да екіншілік шикізатқа қосуға болады.