Физикалық-химиялық əдіске ион алмасу жолы жатады. Ион алмасу жолы иониттардың судағы еріп жүрген тұздардың ионымен ион ауыстыру қабілеттілігіне негізделген.
Кермектілік өлшемі – 1 литр судағы кальций немесе магний иондарының миллиграмм эквивалент санына тең болады.
Су кермектілігі бірге тең деген 1 л суда 1 мг/экв кальций ионы,
яғни 20,04 мг Са2+ немесе
12,16 мг Mg2+ катиондары болады.
Фармацевтикалық су Суды технологиялық өңдеу және өндіру процестерінде шикізат және еріткіш ретінде, сондай-ақ дәрілік препараттардың, белсенді фармацевтикалық ингредиенттердің , аралық өнімдер мен талдамалық реактивтердің құрамындағы компонент ретінде кеңінен пайдаланады.
Фармацевтика өнеркәсібінде және онымен байланысты салаларда пайдаланылатын су мынадай түрлерге бөлінеді:
ауыз су (ішуге жарамды)
тазартылған су
тазартылған стерильді су
инъекцияға арналған су
инъекцияға арналған стерильді су
инъекцияға арналған бактериостатикалық су
ирригацияға арналған стерильді су
ингаляцияға арналған стерильді су
Жоғарыда аталған су түрлерін алудың барлық жүйелері үшін (ауызсудан басқа) валидация процесі қажет. Ішуге жарамды суды алу үшін сумен жабдықтау көзінен алынған суды одан ерімейтін заттарды кетіру мақсатында коагуляция, тұндыру (ағарту) және сүзу процестерінің көмегімен өңдейді. Содан кейін аэрация, хлорлау және т.б. сияқты әдістерді қолдана отырып, судағы патогендік микроорганизмдер жойылады. Сондай – ақ, суды тірі қоздырғыштардан 15-20 минут қарқынды қайнату арқылы тазартуға болады. Судан хлор мен барлық еріген органикалық заттарды кетіру үшін белсендірілген көмірге негізделген сүзгілер қолданылады. Судың дәмі аэрация және көмірлі тазарту арқылы жақсарады.
Фармацевтикалық мақсатта қолдануға жарамды тазартылған су, әдетте, дистилляция, деионизация және кері осмос сияқты процестерді қолдана отырып, суды тазарту арқылы алынады.
Инъекцияға арналған судың сапасына қойылатын талаптар тазартылған судың сапасына қарағанда қатаң.
Дистилляция - бұл судың булануын, содан кейін алынған будың конденсациясын қамтитын процесс. Дистилляция әдісі қымбат, бірақ ол барлық органикалық және бейорганикалық қоспаларды алып тастауға және өте сапалы су алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дистилляция судың микроорганизмдермен және эндотоксиндермен ластануын болдырмаудың ең тиімді әдісі ретінде танылады.
Деионизация - синтетикалық шайырлардың кейбір түрлерінің судағы катиондардың немесе аниондардың адсорбциясына және олардың салыстырмалы белсенділігіне байланысты басқа иондардың шығарылуына (алмасуына) негізделген ион алмасу процесі.
Кері осмос. Су жартылай өткізгіш мембрана арқылы әдеттегі осмотикалық диффузияға кері бағытта мәжбүрлі түрде өтеді. Әдетте, тесігінің мөлшері 0,1 – 1 нм болатын мембраналар қолданылады, олар органикалық қосылыстарды, бактериялар мен вирустарды ғана емес, сонымен қатар судағы барлық иондардың 90-99% ұстап қалады.