Жалпы және этникалық психология кафедрасы


ТАНЫМДЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет9/37
Дата03.05.2023
өлшемі146,07 Kb.
#89549
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
ТАНЫМДЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ


Ес психологиясына кіріспе. Естiң эволюциялық даму сипаты

Ес туралы жалпы түсiнiк. Ес материяның универсалды қасиетi Және психиканың әр деңгейiнде орын алатын құбылыс ретiнде. Естiң биохимикалық негiздерi. Генетикалық ес туралы түсiнiк. Естiң физиологиялық және нейрофизиологиялық механизмдерi. Iздiң консолидациясы және нерв импульстердiң реверберациясы. Нерв импульс сақталуының лабилдi және стабилдi фазалары. Ассоциация құбылысы және ес. Ес бейнелердiң персеверациясы. Адам есiнiң ерекшелiгi. Естiң құбылыстары. Реминисценция туралы түсiнiк. Феноменалды естiң жәйiттерi.


Естiң әволюциялық даму сипаты. Ес функцияларының филонтогенезi. Адамның сана-сезiмi және ес қабiлеттiлiгi. Санадан тыс психика және ес мазмұндарының ығыстыру жағдайлары (З.Фрейд). Адам есiнiң дамуының мәдени-тарихи сипаты. Ес, жүрiс-тұрыс және үйрену. Ес арқылы бiлiмдердi өңдеу. Естiң әрекеттiк табиғаты. Ес пен тұлғаның ара-қатынасы. Естi сипаттайтын негiзгi концепциялар. Естiң репродукциялық сипаттары Және реконструкциялық табиғаты (Ф.Бартлетт, П.Жане, П.П.Блонский). Ес мағыналы-мәндi реконструкция ретiнде (А.А.Смирнов).


Адамның мнемикалық әрекетiнің психологиялық сипаты

Адамның мнемикалық әрекетiндегi еске қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту процестердiң ара-қатынасы. Еске қалдырудың қысқа-мерзiмдiк, ұзақ-мерзiмдiк және оперативтi компонентерi. Ес арқылы материалды үнемдеуiндегi 7+2 заңдылығы (ДЖ.Миллер). Естiң оперативтi өлшемдерi және олардың әрекеттегi динамикасы (П.И.Зинченко). Ес мнемикалық қимылдардың жүйесi ретiнде. Естiң жоғарғы психикалық функциясы ретiнде дамуы (Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев).


Адам мнемикалық әрекетiнiң заңдылықтары (Г.Әббингауз). Есте сақтау мерзiмi және материалды ұмыту динамикасы. Еске ұсынылған материалдың құрылымы және оның сақтау ерекшелiктерi. Ес мазмұндарының әмоциялармен байланысы. Ес мазмұндарының субъективтi өңделiну сипаты. Есте өңделген материады түсiну деңгейлерi (А.А.Смирнов). Ес құрамындағы бейнелер мен елестердiң ара-қатынасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет