Жалпы және этникалық психология кафедрасы



бет6/37
Дата03.05.2023
өлшемі146,07 Kb.
#89549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Курстың мақсаты:
«Жалпы психология» пәнін оқу студенттердің жеке адамды таным субъектісі ретінде түсіне отырып, ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастырып, танымдық психикалық процестердің табиғатын түсініп, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін негіздеу. Танымдық психикалық процестердің адам іс-әрекетіндегі дамуы мен қызмет етуі, түрлері қазіргі жаңа қазіргі психологиялық бағыттарға байланысты жалпы психологиядағы танымдық процестер психология негіздері туралы фундаменталды білімдерін дамыту.
Курстың міндеттері:
1) жалпы психологиядағы танымдық психикалық процестердің негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін қолданудың тәсілдерін теориялық–методологиялық аспектіде танысып, оқып үйрену, псикикалық процестердің негізгі заңдылықтары мен критерийлерін фундаменттік теориялық және қолданбалы психологиялық зерттеулерде қолдануға студенттерде оң әсерлі мотивация мен жүйелік негіздерді қалыптастыру;
2) оқытылған танымдық психикалық процестер-сенсорлық, перцептивті. Ес және ойлау, зейін процестерінің заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру;
3) танымдық психикалық процестердің даму заңдылықтары мен механизмдерін талдау критерийлерін психологияның барлық саласында қолдануды оқып үйрену, оның жаңа инновациялық технологияларын меңгеру, машықтану, психикалық процестердің базалық категориялары мен түсініктері жайлы білімдер беру;
4) әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;
5) әлемдік және отандық психологиялық ықпалдар мен идеялардың негізгі принциптерімен таныстыру және психологиялық эксперименттерде оларды қолдану алу білімдеріне үйрету.


СЕНСОРЛЫҚ-ПЕРЦЕПТИВТІ ПРОЦЕСТЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ


Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. Сенсорлық-перцептивті процестердің түрлері, қасиеттері және ерекшеліктері.

Танымдық психикалық процестердің психологиялық табиғаты мен ерекшеліктері. Түйсік - бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Түйсік және стимулға қатысты мінез-құлықтың бағдарлануы. Қозғалысты реттеудегі түйсіктің рөлі. Түйсік - психикалық дамудың көзі ретінде. Түйсіктің танымда, еңбекте, қарым қатынаста дамуы. Психофизиканың элементтері. Психофизиологиялық заңдылықтар. Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде. Түйсінулердің классификациясы. Түйсінулердің психологиялық айшықты ерекшеліктері. Сенсорлық жүйелер және сенсорлық белсенділік.


Түйсінудің рецепторлық және рефлекторлық теориялары. Л.М. Веккердің түйсінуді классификациялауы. Түйсінудің функционалды дамуы. И.М. Сеченовтың гносеологиялық көзқарастары. Түйсінудің функциялары. Сөздік кинестезия «сөздің базалды комоненті» (И.П. Павлов). Дүние бейнесі (А.Н. Леонтьев). Когнитивті схемалар (У. Найссер). Сенсорлық эффект. Сенсорлық белсенділік. Түйсінулердің индивидуалды дамуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет