«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк


Қиялдын негiзгi түрлерi көрiнетiн жағдайлар туралы мысалдарды келтiрiнiз (түрлі классификацияға сәйкес)



бет20/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
22. Қиялдын негiзгi түрлерi көрiнетiн жағдайлар туралы мысалдарды келтiрiнiз (түрлі классификацияға сәйкес).
Қиял түрлері: активті - ырықты, пассивті - ырықсыз, продуктивті, репродуктивті, түс көрушілік, елестетушілік, қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиялы, арман және мұң.
Пассивті (ырықсыз) қиял – қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Яғни, адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ойлау кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қиынсыз шым-шытырық болатыны да – осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағлып өтіп жатуы. Осы екі мысалдардың бірінші жағдайында – қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда – сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес – қиялдың пассив түрі.Адам қиялының ерекше бір түрі – арман. Бұл – актив әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай бейнелер жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жүзінде асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. Ол – шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындықтың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда ескеретін жайттар:
арманның әрекетке қатысы;
шындықпен жанасуы;
оның келешек үшін мәні.
Арман бос қиялдаумен түк те жанаспайды. Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол – арманның тиімсіз түрі. Бұл – қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді. Арман – қиялдың ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.Қиял өзінің дараланған күйінде әр жеке адамның өте мәнді, ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял әрбір жеке адамда бірнеше белгілерімен айқындалады. Фантазия бейнелері жаңалығы, қайталанбастығы және дәлдігімен бөлектенеді. Ең алдымен қиял даралығы бейнелердің жарқындылығымен еленеді. Кей адамдардың қияли бейнелерінің айқындығы соншама, тіпті тікелей қабылданған немесе ес елестеріндегі бейнелерден бірде-бір ажырамайды. Мұндай жағдайда болмыс шындығы мен қиялдағы бейнелер өздерінің ұқсастығымен ерекшеленеді. Мысалы, Л.Бетховен ән-күй әуенін соншалықты дәл елестете алатындығынан, тас керең болып қалған күнінен де ғажайып музыка туындыларын шығарудан қалмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет