25. Темперамент және онын психологиялык ерекшеліктері.
Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктерінің бірі. Ол адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшеліктердің болуын, оның ішінде қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштілігін, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиетТемперамент – тұлғаның типін анықтайтын психиканың қасиеттері. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінездіФлегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.
Артур Шопенгауэр: «Меланхолик трагедия ретінде қабылдаған затты, сангвиник тек қызықты оқиға ретінде, ал флегматик - назар аударуға тұрарлық емес нәрсе деп көреді.»
Джакомо Казанова: «Темперамент бізге тәуелсіз қалыптасқандықтан, оның кемшіліктері түзетілмейді.»
Темпераменттің психологиялық ерекшеліктеріне мыналар жатады:
• Сезімталдық сыртқы әсерлердің ең аз күшімен анықталады. Ол психиканың белгілі бір реакциясының пайда болуы үшін қажет. Сондай-ақ, мұндай реакцияның пайда болу жылдамдығы да маңызды.
• Реактивтілік ішкі немесе сыртқы факторлардың әсерінен болатын психиканың еріксіз реакциялар қарастырылады. Мысалы адамға ренжітетін сөз болуы мүмкін.
• Белсенділік адамның қоршаған ортаға әсерінің қарқындылығында көрінеді. Яғни, адамның сыртқы әлемге қаншалықты жігерлі әсер ететіні көрсетеді. Мысалы, адамның мақсатқа жетуі, түрлі кедергілерден өту және т.б. Кейбір адамдар мұндай жағдайларда шоғырланған және табанды болса, басқалары алдына ешқандай мақсат қоймайды, жоспарланғаннан шегінеді, қорқады.
• Пластикалық және қаттылық адамның сыртқы әсерлерге қалай бейімделетінін көрсетеді. Барлық өзгерістер мен сыртқы әсерлерге оңай бейімделетін адам пластикалық болып саналады.
• Экстраверсия, интроверсия адамның реакциялары мен іс-әрекеттері неге байланысты екенін көрсетеді. Адамның іс-әрекеті әсер, эмоция, идея және әртүрлі ойларға байланысты болуы мүмкін. Дәл қазір пайда болған ойлар мен эмоцияларға назар аударатын адам экстраверт болып табылады. Ал өткенмен байланысты идеялар мен бейнелерге тәуелді адам - интроверт.
Қортынды: Темперамент психикалық процестердің пайда болу жылдамдығына, сондай-ақ олардың тұрақтылығына әсер етеді. Адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқының қарқыны мен ырғағы да темпераментпен анықталады. Темперамент жеке тұлғаның басқа психикалық ерекшеліктеріне де әсер ететінін атап өткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |