48.Органикалық түйсіктер Түйсіктердің екінші тобына — органикалық түйсіктер (интотоцептивтік түйсіктер)жатады. Бұл организм нің ішінде орналасады. Бұған жататындар: дәм түйсінуі, иіс түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы).
Органикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді.
И. М. Сеченов сондықтан да түйсіктердің бұл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И. П. Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады.
Иіс түйсіктері. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың жасушаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш жасушалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезім жасушаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп. Мәселен, Африкадағы бұмен тайпалары арыстанның, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады, олар иісті ең жақсы аңшы иттерден артық біледі. Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен біліп табатын адамдар бар. Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдар да ерекше жетілген. Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан, иісінен таниды. Үйге кірген адамды да, таныс көшесін, тұрған үйін де олар иісіне қарап оп-оңай айыра алады.Иіс түйсіктері. Қазақ психологы Қ.Жарықбаевтың айтуынша, «Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың тал шықтарына түрлі химиялық заттардың әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш талшықтары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш талшықтарын тітіркендіріп отырады».
Дәм түйсіктері. Тіліміздегі дәм бүршіктері дәмді айыратын мүше болып табылады. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға еритін әр түрлі химиялық заттар екені белгілі. Дәмді – ащы, тәтті, тұщы (тұзды), қышқыл деп, төртке бөліп жатады. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер естетін қасиеттер.Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәмді тәтті, ащы, тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы — дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.
Сілекейде еріген заттардың дәм бүршіктерін тітіркендіруден дәм түйсінуі туады. Дәм бүршіктері деп ауыздың кілегей қабығында көп қабатты эпителимен оралған сопақ денелерді айтады. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішіндегі таңдайда, жұтқыншақтық арт жағында орналасқан. Олардың көп орналасқан жері - тіл аймағы. Дәм түйсіктерінің негізгі төрт түрі бар – тәтті, қышқыл, тұзды және ащы. Дәм түйсіктерінің толық болуы үшін иістің маңызы бар. Ол болмаса, әр түрлі тағам дәм жағынан бірдей болып көрінуі мүмкін. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін сезеді.
Бұл жөнінде қазақ психологы Қ.Жарықбаев былай дейді: «Дәм түйсіктері де адам психологиясына түрліше әсер етіп отырады. Мәселен, дәм ді тағамдар – адамның тәбетін арттырады. Тәбет – дәм нервтерін қоздыратын психикалық акт. Асты көңіл қойып, сүйсіне ішу, ыдыс-аяқ пен стол жапқыштардың эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай келуі – адамның жан дүниесіне жағымды әсер етеді. Түйсіктердің басқа түрлері сияқты (көру, есту т.б.) дәм түйсігін де адам тіршілік қажетіне қарай жақсы дамыта алады. Мәселен, тамақ өнеркәсібінде істейтін адамдардың (дегуста тор) дәм түйсігі айтарлықтай жетілген. Олар алақанындағы ұнды уқалап көріп, оның қай жердің бидайынан тартылғанын, шараптың дәмін татып, қай елдің жүзімінен жасалғанын бірден анықтай алады».