«Жалпы және жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпытүсiнiк



бет43/48
Дата26.12.2022
өлшемі346,9 Kb.
#59754
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
общая и воз сессия жауап (копия)

Қозғалысты қабылдау – бұл объектілердің кеістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу. Қозғалысты қабылдау өмірлік маңызға ие. Қозғалысқа көру жүйесінің перифериялық бөлімі сезімтал келеді. Объект табылғанда,көру аумағының орталығына ауысады,осы жерде бұл объектіні ажырату мен тану жүзеге асады.Заттың қозғалысын қабылдау , негізінен,оның қандай да бір фонда орын ауыстырып немесе жылжи отырып , көз торының түрлі клеткаларының кезекті қозуын тудырады. Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негізгі рөл атқарады.
50.Естің психологиялық теориялары
Ес теориялары – Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру]және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әртүрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айтылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып табылады.

  • Ес туралы соңғы кезде әртүрлі теориялар қалыптасты: олардың ішінде естің зерттеу амалдары мен заңдылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады. Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған. Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, ХVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теория болды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация – жекелеген психикалық үрдістердің арасындағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысы айтылады. Бұл теория бойынша ес қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциациялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.

  • Осы теорияның арқасында естің қызмет істеуі мен амалының көптеген заңдылықтары ашылып және зерттелді (мысалы, Г.Эббингауз заңы). Уақыт өте бұл теория көптеген шешілмейтін проблемаларға кездесті, ол проблеманың негізі – адам есінің таңдамалылығын түсіндіру, естің ассоциациялық табиғатының негізінде түсіндіру мүмкін болмады. Дейтұрғанмен, естің ассоциативті теориясының оны тану үшін пайдасы көп болды. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтедің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы – гештальт болып табылады. Гетальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт – неміс сөзі, қазақшалағанда бейне, тұтас құрылым деген мағынада қолданылады). Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы – генетальт ұғымы – тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді. Сонымен, ассоциативтік теорияның заттар мен құбылыстарға қарапайым элементарлық көзқарасына гештальтизм ең алдымен элементтер синтезі, тұтастық қағиданы қарсы ұсынды. Гештальтизм теориясының жақтаушылары адамның практикалық іс-әрекетіне естің тәуелділігі туралы сұраққа жауап бермеді және өз шешімін таппады. Сондықтан да естің генезисі туралы мәселе күн тәртібінен аланып тасталды. Осы сұраққа психологиялық зерттеулердің басқа да екі бағытының өкілдері жауап бермеді – бихевиоризм және психоталдау. Бихевиоризмді жақтаушылардың көзқарастары ес проблемасына ассоциативтік теория өкілдерінің көзқарастарына жақын болды. Олардың арасындағы бірден-бір мәнді жалғыз айырмашылық – бихевиористер материалды еске сақтауда бекітудің рөлін бағалады, үйрету үрдістеріндегі естің қалай жұмыс істейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді. З.Фрейд және оның жақтаушыларының еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағымсыз эмоциялардың рөлін анықтауға ерекше мән берді. Психоталдау теориясының арқасында адамның түрткілер саласымен байланысты ұмытудың көптеген қызықты психологиялық амалдарын анықтады және суреттеді. Кибернетиканың ғылым ретінде дамуының басталуымен есептеу техникасы мен математикалық программалаудың білімнің бұл салаларында пайда болуы психологиядан тәуелсіз ес үрдістерін моделдеу басталған болатын, дәлірек айтқанда, еске сақтаудың амалдары, еске сақтаудың тәсілдері және ақпаратты қайта жаңғырту электронды-техникалық құрылымның және электронды есептеу машиналары үшін бағдарламалардың көмегімен іске асырылды. Соңғы онжылдықта осындай зерттеулердің нәтижесінде бай материал жинақталды, адам өзінің қызмет істеу заңдарын түсіну үшін оның пайдасы орасан зор болды. Өз кезегімен бұл ғылымдар өкілдерінің естің өзіндік психолoгиялық зерттеулеріне деген қызығушылығы арта түсті, себебі олар үшін алгоритмдер мен машиналардың есін жетілдіру үшін мүмкіншіліктер ашып отыр. Осындай өзара қызығушылық психологияда соңғы жылдары ақпараттық-кибернетикалық деп аталатын естің жаңа теориясының қалыптасуына алып келді. Қазір ол алғашқы адам есін түсіну жолында көп үміт күттіретін қадамдар жасай бастады.

  • Адам миы – бұл күрделі электрондық-есептеу машинасы. Кеңестік психологияда негізінен есті зерттеуде іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясымен байланысты бағыттар дамыды. Бұл теорияның негізінде ес психологиялық іс-әрекеттің ерекше түрі, адамның теориялық және практикалық әрекетінің жүйесі ретінде әртүрлі ақпаратты еске қалдыруға, еске сақтауға және қайта жаңғыртуға бағытталған. Іс-әрекет ретінде адамның есін зерттеудің басталуы француз ғалымдарының жұмыстарымен, оның ішінде П.Жаненің еңбектерінде негізі салынды. Ол алғашқылардың бірі болып, еске сақтауға, қайта өңдеуге және материалды бағдарланған есті іс-әрекет жүйесі ретінде тұжырымдады. Психологиядағы француздың ғылыми мектебі барлық ес үрдістерінің әлеуметтік байланыстылығын, оның адамдардың практикалық іс-әрекетіне тәуелділігін дәлелдеді. Кезінде біздің елімізде бұл концепция Л.С.Выготскийдің және оның ең жақын шәкірттері А.Н.Леонтьевтің, А.Р.Лурияның негізін салған адамның жоғары психикалық қызметінің пайда болуы мәдени-тарихи теорияның одан әрі дамуында көрініс тапты. А.Р.Луриянің ғылыми жетекшілігімен жүргізілген нейропсихологиялық зерттеулер естің физиологиялық амалдарын сипаттауға мүмкіншілік берді. Есті зерттеуге өзінің белгілі үлесін қосқан П.И.Зинченко мен А.А.Смирновты ерекше атауға болады. Олар ырықты және ырықсыз есте қалдырудың практикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға және басқа жағдайларға тәуелді екендігін жан-жақты зерттеді.

  • Естің іс-әрекеттік теориясына сәйкес әртүрлі елестетулердің арасында байланыстар – ассоциациялар ұйымдастыру, сонымен қатар материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту былай түсіндіріледі: адам есте сақтайтын материалмен жұмыс арaсында не істейді, сонымен қатар мнемикалық үрдістер іс-әрекеттің тұтас құрылымында қандай орын алатындығына байланысты. Есте қалдыру амалының ерекшеліктерін ашып көрсететін әртүрлі қызықты деректерді А.А.Смирнов өзінің зерттеулерінде атап көрсеткен болатынды.

  • Естуралы көптеген теориялар бар. Ол ес құбылысын әр түрлі жағынан қарастырған әрі түсіндірген.Солардың ішінде алғашқы рет Аристотель ұсынған,бірақ өзінің көкейкестілігін осы күйге дейін жоғалтпаған асоциациялық теория бар. Аристотель біздің естеріміздің бір-бірімен байланысуына мүмкіндік беретін принциптерді табуға тырысқан. Артынан психологияда «ассоциация принипі» деп аталған бұл принциптер мыналар: 1)Іргелес ассоциациялар. 2)Ұқсас ассоциациялар. 3)Контрастық ассоциациялар. ХІХ ғ 80-жылдарына қарай неміс психологы Г.Эббингауз ойлау іс-әрекетінен тәуелсіз «таза» естің заңдарын зерттеуге болатын әдісті ұсынды. Ол мағынасыз буындарды жаттау әдісі. Ал ХІХ ғ аяғында ассоциацияның орнына гештальттеория келді. Бұл теорияны жақтаушылар пікірінше, ес процестері гештальт қалыптасуымен анықталады. «Гештальт» сөзі «тұтастық», «құрылым», «жүйе» деген мағынаны береді. Гештальтпсихология тұрғысынан есте сақтау мен қайта жаңғыртудың динамикасы былай жүреді. Адам үшін сол мезетте өзекті болатын кейбір күйлер есте сақтау мен қайта жаңғыртуға белгілі нұсқаулар туғызады. Сәйкес нұсқау адам санасында белгілі тұтастық құрылымдарды белсендіреді. Өз кезегінде олардың негізінде материал есте сақталады немесе қайта жаңғырады. Бұл нұсқау есте сақтау мен қайта жаңғыртудың жүру жолын бақылайды, қажет ақпаратты таңдауды анықтайды. Ал, ХХғ басында естің мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкілдері сәйкес процестердің жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуын тәуелді деп пайымдады. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері А.Бине мен К.Бюлер болды. Естің физиологиялық теориясын жасаған И.П.Павлов және П.К.Анюхин зерттеулері бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады, мұны нейрондық модель теориясы деп те атайды. Жүцке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзінің клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жанасуы іске асады. Мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейді. Сондай-ақ есті нерв клеткаларының ішіндегі биохимиялық реакциялармен түсіндіретін биохимиялық теорияда бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет