Жергілікті анестезияның асқынулары. Жергілікті анестезия кезінде болатын асқынулар 2 топқа бөлінеді: жергілікті және жалпы. Жергілікті асқынулар анестетикті жіберген аймақта болады және әдістің техникалық жақтарымен сабақтасты. Оларға жататындар: 1) қантамырының жарақаттануы мен гематома; анестетикті шамадан тыс жіберген кезде болатын өлеттенулер (некроздар); 2) Анестетикпен қысудан немесе инемен жарақаттаудан салдану (паралич, парездер), бұл асқынулар өткізгіштік анестезия кезінде жиі кездеседі. 3) Сүйекішілік және көктамырішілік аймақтық анестезия кезінде жұмсақ тіндердің қылбұраудан жарақаттануы. Жалпы асқынулар анестетиктің науқастың организміне әсерімен байланысты. Негізгі себептері - анестетикті шамадан тыс көп беру (передозировка) мен сирек жағдайда, науқасқа препараттың жақпауы (аллергия немесе идиосинкразия). Анестетиктерге аллергиялық сынамалар жасау, анестетиктің мөлшерін дәл өлшеу және кейбір техникалық айлаларды сақтау аталған асқынулардың алдын алудың негізгі шарты.