«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет40/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

А) Бас бөлігінің тармақтары (n.vagus-тың мидан басталатын жерінен, оның төменгі түйініне дейінгі аралық):
1.Ми қабықтық тармақ (r.meningeus), сезімтал нерв – бассүйек қуысының артқы шұңқырының аймағындағы мидың қатты қабығын нервтендіредi
2.Құлақтық тармақ (r.auricularis), сезімтал нерв – сыртқы есту жолының артқы қабырғасы мен құлақ қалқаны терісінің бір бөлігін нервтендереді; ескеретін жағдай, бұл тармақ ми нервтерінің ішіндегі үшкіл нервке жатпайтын жалғыз терілік тармақ; соған сәйкес, яғни терілік тармақ ретінде инемен емдеуде осы сезімтал нерв r.auricularis-ті қоздыру арқылы кезбе нервтің барлық нервтендіретін ағзаларына әсер етуге болады .

Б) Мойын бөлімінің тармақтары:
1.Жұтқыншақтық тармақ (r.pharyngei), аралас нерв, яғни құрамында қоғалтқыш, сезімтал, дәм сезу және вегетативтік парасимпатикалық секреттік талшықтар болады:
-r.pharyngei тіл-жұтқыншақ нерві (n.glossopharyngeus) және симпатикалық сабау тармақтарымен бірге жұтқыншақ өрімін (plexus pharyngeus) түзеді;
-r.pharyngei-дың қозғалтқыш нерв талшықтары жұтқыншақтың тарылтқыштарын (констрикторларын) және жұмсақ таңдайдың бұлшықеттерін (m.tensor veli palatini-ден басқасын) нервтендіреді; сонымен қатар, жалпы сезім және дәм сезу талшықтары сезім импульстарын жұтқыншақтан және жұмсақ таңдай аймағынан n.vagus-тың сезімтал ядроларына өткізеді (жоғарыда айтылды, қараңыз), ал секреттік импульстар кезбе нервтің дорсалді ядросынан (nucleus dorsalis n.vagi-ден) келеді (жұтқыншақтың және жұмсақ таңдай аймағының қан тамырларын кеңейтеді және сілемейлі бездерінің секрециясын күшейтеді;
2. Көмейдің жоғарғы нерві (n.laryngeus superior), аралас нерв .
-n.laryngeus superior-дың сезімтал нерв талшықтары көмейді, оның дауыс саңылауынан жоғары жатқан бөлімін, тіл түбірінің аймағын және көмей қақпашығының сілемейлі қабығын нервтендіреді, ал қозғалтқыш талшықтары көмейдің бұлшықеттерінің бір бөлігін және жұтқыншақтың төменгі тарылтқышын иннервациялайды; секреттік импульстар кезбе нервтің дорсалді ядросынан (nucleus dorsalis n.vagi-ден) келеді (көмейдің, тіл түбірінің және көмей қақпашығының қан тамырларын кеңейтеді және сілемейлі бездерінің секрециясын күшейтеді;

3.Жүректің жоғарғы және төменгі тармақтары (rami cardiaci cervicalis superiorеs et inferiores), аралас нерв, құрамында барлық (қозғалтқыш, сезімтал, парасимпатикалық) талшықтар болады; бұл талшықтар жүрек өрімін түзеді; ескеретін жағдай, жүректің төменгі тармақтарының бір бөлігі n.laryngeus superior-дың құрамынан шығатындығы;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет