«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет37/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

ІХ-шы жұп: тіл-жұтқыншақ нерві (n.glossopharyngeus) – аралас нерв, яғни қозғалтқыш, сезімталдық, вегетативтік және дәм сезу нерв талшықтарынан тұрады, осыған сәйкес үш ядросы болады – 1-қозғалқыш, 1-сезім, 1-вегетативтік .
-ядролары:
а) қосарланған ядро (nucleus ambiguus) – қозғалтқыш, сопақша мида Х-шы және ХІ-ші жұп ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен қосарланып бірге орналасады;
б) дара жол ядросы (nucleus tractus solitarii) – сезімтал, басқа да ми нервтерінің (Х, VІІ ж.т.б.) сезімтал ядроларының жалғасы есебінде сопақша мида орналасқан;
в) төменгі сілекей бөлетін ядро (nucleus salivatorius inferior) – вегетативтік парасимпатикалық ядро, олда сопақша мида жатады;

-ескеретін жағдай, ромбтәрізді шұңқырда орналасатын ми нервтерінің ядроларының топографиясына мән берсек, онда шұңқырдың ұзынабойлық ортаңғы жүлгесіне жақын қозғалтқыш ядролар, шұңқырдың латералді бөлігінде, яғни латералді бұрышына жақын сезімтал ядролар, ал қозғалтқыш және сезімтал ядролар аралығындағы бөлікте вегетативтік ядролардың орналасатындығы;


-ядролардың осындай ретпен сопақша мида, яғни ромб тәрізді шұңқырда проекциялануының себебі бар: жұлынның артқы жіпшесінде өрлемелі сезім жолдары өтеді және артқы мүйізінде сезім ядролар, латералді мүйізінде вегетативтік ядролар, ал алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш ядролар орналасқан;


-жұлынның осы артқы бөліміндегі сезімталдың құрылымдар жоғарғы жақта сопақша миға жалғасады, ал сапақша мидың, жұлыннан келген, артқы бөлімінің құрылымдары, дәлірек айтсақ нәзік және сынатәрізді будалар жоғары латералді бағытталып мишықтың төменгі аяқшасына жалғасады, сөйтіп артқы сезімтал құрылымдар (ядролар) ромб тәрізді шұңқырдың латералді бөлігіне ығысып орналасады да, қозғалтқыш ядролар шұңқырдың ортаңғы сызығына жақын өз орнындарында қалады (жұлынның алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш ядроларына сәйкеседі), ал вегетативтік ядролар олардың аралығында жатады (жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядроларға сәйкеседі).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет