«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет44/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

ХІ-ші жұп: қосымша нерв (n. accessorius):
-таза қозғалтқыш нерв, екі қозғалтқыш ядросы болады.
Ядролары:
-жұлындық ядро (nucleus spinalis) – қозғалтқыш, жұлынның С1-6 сегменттерінде орналасады;
-краниалдық ядро (nucleus cranialis) – қозғалтқыш, Х және ІХ жұп ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен бірге ромбтәрізді шұңқырдың төменгі ұшбұрышында проекцияланады (қосарланған ядро, nucleus ambiguus);
Мидан шығатын жері: сопақша мидан артқы латералді жүлге (sulcus posterolateralis) арқылы шығады;
Бассүйектен шығатын жері: бас сүйектен, ішкі мойындырық венамен, Х және ІХ жұп ми нервтерімен бірге, мойындырық тесік (foramen jugulare) арқылы шығады;
Қосымша нервтің (n. accessorius) функциясы:
-мойынның (трапеция тәрізді, төсбұғана еміздік) бұлшықеттерін иннервациялайды.
Ескеретін жағдай, қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, онымен бірге foramen jugulare арқылы шығады; сонымен қатар n.аccessorius-тың ми бөлігі n. laryngeus recurrens құрамында көмей бұлшықеттерін нервтендіреді, ал жұлын бөлігі жұтқыншақтың бұлшықеттерін иннервациялауға қатынасады.
ХІІ-ші жұп: тіл асты нервісі (n.hypoglossus), таза қозғалтқыш нерв, бір қозғалтқыш ядросы болады
Ядросы: n. hypoglossus-тың қозғалтқыш ядросы (nucleus motorius n. hypoglossus) ромбтәрізді шұңқырдың төменгі ұшбұрышындағы trigonum n. hypoglossi-да проекцияланады; ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың жалғыз сомалық қозғалтқыш ядросы сопақша ми арқылы төмен түсіп, жұлынның І-ІІ-ші мойын сегменттеріне дейін жетіп орналасатындығы;
Мидан шығатын жері: сопақша мидан алдыңғы латералді жүлге (sulcus anterolateralis) арқылы шығады;
Бассүйектен шығатын жері: бас сүйектен өзі аттас, яғни тіласты
нервісінің өзегі (canalis n. hypoglossi) арқылы шығады; каналдан шыққаннан кейін a.carotis interna-ның латералді жағымен төмен түсіп, m.digastricus-тың артқы қарыншасының астымен өтеді де, дөңесі төмен қараған доға тәрізді орналасып, m.hypoglossus-тың латералді бетімен жүреді; ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың осы дөңесі төмен қараған доға тәрізді бөлігі Пирогов үшбұрышының жоғарғы шекарасын шектеп жатады; Пирогов үшбұрышы арқылы тіл артериясы өтеді;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет