1 пробиркаға науқастан алынған сарысуды 1:25 қатынасындай енгізу. Сонда бұл 1:50 қатынасындай қоспа болады.
Бірінші пробиркадан 1,0 мл екінші пробиркаға ауыстыру. Сонда бұл қоспа 1:100 қатынасында сұйылады. Дәл осылай екінші пробиркадан үшінші пробиркаға. Сонда 1:200 және 1:800 қатынасына дейін сұйылады.
Барлық пробиркаларға 4 тамшыдан диагностикум қосады.
Жүргізу қадамдары: Зат әйнекшесін дәке салфеткасымен сүртіп, майсыздандыру.
Зат әйнекшісінің бір шетінен физиологиялық ерітіндінің бір тамшысын бақылау үшін тамызады. Зат әйнекшесінің екінші жағына агглютинициялық сарысудан 1:20 қатынасындай тамшы тамызады.
Дақылды әрбір алған сайын бактериологиялық ілмекті өңдейді.
Ілмекпен алынған әрбір тамшыға бактерияның гомогенділігін алу үшін аз мөлшерде таза дақылды тамызады.
Егер де реакция оң болатын болса, бірнеше минуттан соң сарысулы тамшыда бактериялардың едәуір домбықтауы көрінеді. Егер де аздап әйнекшені қымылдатса, бұл үрдіс жылдамдай түседі.
Бақылау тамшысы сол күйі біркелкі бұлыңғыр болып қала береді. Алынған нәтижені талдау. Реакция механизмін түсіндіру.