ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ МИКРОБИОЛОГИЯ БОЙЫНША СОӨЖ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Алматы 2015
Қысқартулар тізімі НҚ- нормативтік құжаттама
СанЕН-санитарлық ережелер және қағидалар
ДДСҰ-дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ПБА-патогенді биологиялық агенттер
СЭСО-санитарлы-эпидемиологиялық сараптама орталығы
ҚКА-қалалық клиникалық аурухана
МО-медициналық орталық
ЕПМ-емдеу-профилактикалық мекемелер
БТК- бірлік түзуші колониялар
АҚИ-аса қауіпті инфекция
ПОҚ-педогогикалық оқытушылық құрам
СКМ-санитарлық-көрсеткішті микроорганиздер
АІИ- ауруханаішілік инфекция
МS-микроскопиялау
ШПМ-шартты-патогенді микроорганизмдер
СЕ-санитарлық ережелер
Тақырыбы: Жалпы микробиология. Микроағзалардың жүйесі мен классификациясы. Бактериялардың морфологиясы. Жағынды дайындаудың техникасы. Бояудың қарапайым әдістері.Грам әдісі бойынша бояу.
Міндеттері: -бактериологиялық препараттарды дайындау техникасы бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;
- бактериологиялық препараттарды бояудың қарапайым әдістерімен таныстыру және студенттердің меңгеріп алуына үйрету.
- Грам әдісі бойынша бояудың маңызын және оны орындау техникасы туралы білімін жетілдіру;
–аталған әдістердің кемшіліктері мен қолдану аясы және оның құндылықтарымен таныстыру;
Әртүрлі формадағы бактериялардың морфологиясын зерттеу үшін қажетті: Дайын жағындылар: