Аммиак, мақтаның бір бөлігіне тамызып иіскету 15. Емтихан тапсыру барысында ауасы тар бөлмеде бас айналуы, тері жамылғысының бозаруы, құлақ шуылы, қатты әлсіздік пайда болды.
Студентке қандай препарат тағайындау керек...кофеин, кордиамин 16. Тағамдық уланумен түскен науқасқа асқазан жуудан кейін 0,5г белсендірілген көмір тағайындалды.
Белсендірілген көмір қандай әсер көрсетеді...дезинтоксиякациялық 17. Науқас Б., 22 жастағы студент, клиникаға «Күш түсу стенокардиясы» диагнозымен түсті. Жүрек аймағындағы ауырсыну әдетте сессия уақытында емтихан алдында және көңіл күйінің қобалжу кезінде пайда болады. Физикалық жүктеме кезінде ауырсыну мазаламайды. Миокардтың жиырылу қызметі бұзылмаған. Науқасқа тіл астына, тәждік қантамырдың рефлекторлы кеңеюін шақыратын препарат тағайындалды.
Препаратты анықтаңыз...Валидол 18. Науқас А., дуоденальды зондтау алдында аранына күрделі эфир тобындағы жергілікті анестетик жағылды. Осыдан кейін науқаста иық, мойын бұлшықеттерінің дірілі, одан соң жалпы тырысу басталды. Бет терісі бозғылттанды. 10 минуттан кейін науқастың тынысы алуы тоқтады.
Дуоденальды зондтау алдында қандай анестетик қолданылды... Новокаин ( прокаин) 19. Науқас У., тіс экстракциясы(жұлу) кезінде күрделі эфирлер тобындағы препаратпен өткізгіштік анестезия жасалды. Осыдан кейін науқаста бас айналуы, жалпы әлсіздік, артериальды қан қысымының төмендеуі, терісінде қызару, ұсақ бөртпелер, түлеу пайда болды. Ауыр жағдайда коллапс және анафилактикалық шок дамуы мүмкін.
Науқасқа қандай препарат енгізілді...Новокаин 20. Аллергиялық конъюнктивитпен ауыратын науқас дәрігерге қаралды. Дәрігер ОЖЖ тежейтін әсері жоқ, антигистаминдік әсері ұзақ препарат тағайындады. Препаратты таңдаңыз... Диазолин 21. Көлік жүргізушісі дәрігерге амброзияның гүлдеуімен байланысты мұрыннан су ағуға, жөтелге, көзден жас ағуға шағымданды. Осы науқасқа аллергияға қарсы препарат тағайындаңыз... диазолин 22. Киікоты шөбінің гүлденуі кезінде пайда болатын аллергиялық ринитті емдеуге қолданылатын препаратты тағайындауды сұрап дәрігерге студент келді. Қандай препарат қолданған тиімді...