метотрексат 42. Препарат нитрозомочевина туындысы болып саналады, айқын цитотоксикалық әсері бар. ДНҚ көлденең байланысуын қамтамасыз етеді. Өкпенің кіші клеткалық обырында және лимфогрануломатозда қолданылады. Препаратты анықтаңыз...нитрозометилмочевина 43. Препараттың құрамында металл бар, тек цис-конфигурация түрінде белсенді. Антиметотикалық әсер етеді, клеткаға еніп ДНҚ байланысады және көлденең байланыстар түзеді. Тек көктамырға енгізеді, гематоэнцефальдық кедергіден нашар өтеді. Препаратты анықтаңыз...цисплатин 44. Асқазанның, тоқ ішектің және сүт безінің обырында қолданылатын қатерлі ісіктерге қарсы дәрі. Тимидилсинтетазаны тежеп, ДНҚ түзілуін тоқтатады. Препаратты көктамырға енгізеді, бауырда жартылай метаболизмге ұшырайды және бүйрек арқылы шығарылады. Жағымсыз әсерлері: қан түзілуінің тежелуі, АІЖ кілегей қабатының жаралануы, шаштың түсуі, тырнақтардың зақымдалуы, дерматиттер. Препаратты анықтаңыз...фторурацил 43. Дәрілердің сіңуін, таралуын, метаболизмі мен шығуын зерттейтін фармакология тарауының атауын белгілеңіз... фармакокинетика 44. Парентералды енгізу жолдарына жататын енгізу жолын белгілеңіз... Көктамырға, бұлшықет ішіне, тері ішіне, тері астына, артерияға, сүйек ішіне, субдуральды,эпидуральды, ингаляция, теріге жағу, капля арқылы 45. Ащы ішектен көптеген дәрілер қандай жолмен сіңетінін белгілеңіз...Жай диффузия 46. Дәрілік зат жалпы қан айналымына түскен соң дамитын әсердің аталуын белгілеңіз...резорбтивті 47. Метаболизмдік трансформацияның үрдістерін белгілеңіз... Тотығу, тотықсыздану, гидролиз 48. Организмде дәрілік заттардың тотығу, тотықсыздану, гидролиз арқылы химиялық өзгерістері қалай аталатынын белгілеңіз... Метаболизмдік трансформация 49. Дәрілік заттар конъюгация арқылы қандай типтік бағытта өзгеретінін белгілеңіз... фармакологиялық белсенділігі төмендейді 50. Бауыр микросом ферменттерінің тежегіштеріне не тән екенін көрсетіңіз дәрілердің әсерін күшейтеді 51. Дәрінің биотиімділігі дегеніміз не екенін белгілеңіз... Дәрінің қан плазмасында бос түрінде айналып жүрген мөлшері 52. Қан плазмасының шартты көлемінің белгілі бір уақытта дәріден тазару уақытын сипаттайтын терминді белгілеңіз...клиренс 53. Қан плазмасында дәрілер мөлшерінің 50%-ке азаю уақытын сипаттайтын терминді белгілеңіз...жартылай элиминациялау кезеңі 54. Қандай қосындылар бүйрек өзекшелерінен пассивті реабсорбцияланатынын белгілеңіз... Липофильді 55. «Фармакодинамика» ұғымын белгілеңіз...дәрілердің әсер етуі механизмі мен фармакологиялық әсерлері 56. Арнамалы рецепторлармен әрекеттескенде биологиялық әсерлерге ұқсас өзгерістер тудыратын дәрілердің аталуын белгілеңіз...агонистер 57. Бір дәрінің екінші дәрінің әсерін жоятыны қалай аталатынын белгілеңіз...антагонизм 60. Дәрінің арнамалы жағымсыз әсерлері қандай мөлшерден дамитынын көрсетіңіз...терапевтік мөлшерде 61. Дәрілердің бейарнамалы жағымсыз әсерін белгілеңіз...аллергиялық реакциялар, токсикалық әсерлер, дисбактериоз, тератогенді әсер, мутагендік және канцерогендік әсер 62. Бір дәрінің екінші дәрінің әсерін жоятыны қалай аталатынын белгілеңіз... антагонизм 63. Дәріні қайталап қолданғанда әсердің төмендеуінің терминін көрсетіңіз...үйреніп кетушілік 64. Дәрілік заттың белгілі бір локализациялы тек функционалды біртекті рецепторлармен байланысуы қалай аталатынын белгілеңіз...селективтілік ( таңдамалы әсері) 65. Организмнің жеке қасиеттеріне байланысты дамитын дәрілердің жағымсыз әсерін белгілеңіз...селективсіз, таңдамалы емес 66. Дәріге тәуелділік дегеніміз не...дәріні қайталап қолдануға құштарлық 67. Абстиненттік синдромға не тән екенін көрсетіңіз...дәріні қолдануды тоқтатқандай психосоматикалық бұзылыстар дамуы 68. «Тахифилаксия» терминінің анықтамасын белгілеңіз...дәрілік затқа жылдам үйрену 69. Организмде дәрілік заттардың жинақталуы терминін көрсетіңіз...кумуляция 70. Дәрілік заттың қан плазмасында жинақталуы неге әкелетінін белгілеңіз...әсерін ұзартады 71. Дәрілердің ұрыққа теріс әсер етіп, баланың кемтар болып туылуына әкелетін жағымсыз әсерінің терминін белгілеңіз... Тератогендік 72. Дәрілік заттардың мутагендік әсерін белгілеңіз...ұрпақтың генотипі өзгерісіне әкелетін, генетикалық аппараттың зақымдалуы 73. Дәрілік өсімдіктердің шикізатынан спирт қосу арқылы алынатын дәрілік түрді белгілеңіз...тұндырмалар 74. Фармацевтке нұсқау берілген рецепттің бөлігін белгілеңіз...prescriptio 75. Инфильтрациялық анестезияға қолданылатын препаратты белгілеңіз...тримекаин 76. Тек беткейлі анестезияға қолданылатын препаратты белгілеңіз...анестезин 77. Ұзақ әсер ететін (24 сағатқа дейін) жергілікті анестезиялаушы препаратты белгілеңіз...бупивакаин 78. Ең улы болып саналатын жергілікті анестетикті белгілеңіз...дикаин 79. Суда нашар еритін жергілікті анестетикті белгілеңіз.. анестезин.
80. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын дәрілік топты белгілеңіз...адреномиметиктер 81. Дикаин анестезияның қай түрінде қолданылатынын белгілеңіз: тек беткейлі ( терминальды анестезия)