«Жалпы медицина» факультетінің курс студенттеріне арналған фармакология пәнінен модуль бойынша сұрақтар



бет1/8
Дата09.10.2024
өлшемі32,47 Kb.
#147376
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
фарм жауаптары Патология негізі циклі


«Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттеріне арналған фармакология пәнінен 1 модуль бойынша сұрақтар

1. Терапия бөлімшесіне препаратқа әдеттен тыс реакциясы бар науқас келіп түсті. Тұқымқуалайтын ферментопатиялардың әсерінен дәрілік заттарға сезімталдықтың жоғарылауы және реакциялардың бұрмалануы қалай аталады? Идиосинкразия


2. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар науқасқа дигоксин препараты тағайындалды. Препараты қабылдағаннан кейін екі аптадан кейін интоксикация белгілері пайда болды.
Дәрілік заттың организмде интоксикация тудыратын мөлшерде жиналуына әкелген құбылыс қалай аталады? Материалды кумуляция
3. Д. Науқас жедел ринитке байланысты шырышты қабықтың ісінңін басу мақсатта мұрынына дәрінің тамшы түрінде қолданды. 3- күннен кейін тұрақты пайдалануынан препараттың ісінуге қарсы әсері байқалмады. @адреномиметик, нафтизин
4. Гипертониялық кризді жою үшін науқасқа магний сульфатының ертіндісі тағайындалды. Бұл препаратты енгізудің қандай жолын таңдау керек...бұлшықетке немесе көктамырға ( парентеральды жол)
5. Дәрігерге жүгінген науқасқа анацидті гастрит диагнозы қойылды. Асқазанның жұмысын жақсарту үшін науқасқа Ацидин-пепсин таблеткалары тағайындалды. Фармакотерапияның бұл түрі қалай аталады? Орын басушы терапия
6. Дәрігер жүрек аймағындағы ауырсынуға (стенокардия) препарат тағайындаған. Әсер ету механизмі: тіл асты аймағындағы салқындық (терморецептор) рецепторларды тітіркендіреді, ол коронарлық тамырларды кеңейтеді және ауырсынуды жеңілдетеді.
Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. Валидол, тітіркендіргіш заттар
7. У. науқасқа тіс экстракциясы (жұлу) барысында күрделі эфир тобындағы дәрімен анестезия жасалды. Біраздан кейін басының айналуы, жалпы әлсіздік, АҚҚ төмендеуі, терісінің қызаруы, майда бөртпелер, терісінің күлдіреуі байқалды. Ауыр жағдайдағы коллапс және анафилактикалық талықсу дамиды.
Науқасқа қандай анестетик енгізілді? Новокаин
8. Жедел гастрит кезінде эпигастрий аймағындағы ауырсынуды азайту үшін дәрігер жүкті әйелге жергілікті анестетикті, күніне 3 рет 1 ұнтақ тағайындады.
Дәрігер науқасты емдеу үшін анестезияның қандай түрін және қандай препаратты қолданды?

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет